РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бап 3 тармағына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысы негiзiнде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Даминов Ғаламат Тұрдахметұлы |
«Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); |
Көшкімбаев Манарбек Өсербекұлы |
«Мойынқұм ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары; |
комиссия мүшелері: |
|
Нурбаев Серғали Берікұлы |
«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, полиция капитаны (келісімі бойынша); |
Иманқұлов Суан Қорабайұлы |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Мойынқұм аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісімі бойынша); |
Козова Жанна Нығманқызы |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Мойынқұм аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша); |
3. «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) құзіреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ермек Рысқұлбекұлы Жантоқовқа жүктелсін.
5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.
Мойынқұм ауданы
әкімінің міндетін атқарушы М. Естаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасының Мойынқұм аудандық
орталық емханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынының бас дәрігері
Б. Әбішева
14.05.2010 жыл
«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Мойынқұм аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Иманбаев
14.05.2010 жыл
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ғ. Даминов
14.05.2010 жыл