2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлермен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 14 мамырдағы N 231 Қаулысы. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 07 маусымда 103 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Жолдас Бақытжан Жолдасұлы –

«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Әзімбаева Гаухар Аманқұлқызы –

«Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Сегізбаев Болат Тұрмаханұлы –

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Джакияев Нұртай Қалиұлы –

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Сүйінбаева Айнагүл Орынтайқызы –

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Т.Рысқұлов аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуіріңде пайда болған қатынастарға қолданылады.
      5. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ахтан Ахатұлы Қарсыбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                А. Нұралиев

«КЕЛІСІЛДІ»:

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Т. Рысқұлов аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Исабеков Бақберген Айтжанұлы
14 мамыр 2010 жыл

«Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жолдас Бақытжан Жолдасұлы
14 мамыр 2010 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы Т. Рысқұлов аудандық
орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Джакияев Нұртай Қалиұлы
14 мамыр 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады