Т.Рысқұлов ауданы бойынша жер салығының базалық салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 қарашадағы N 29-10 Шешімі. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 желтоқсанда 114 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 04.05.2023 № 2-14 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 378, 379, 381, 383 және 387-баптарына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1 Т.Рысқұлов ауданы бойынша елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге, жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын жер салығының базалық салық ставкалары 50 пайыз көтерілген мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы Шешім аудандық Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
      С.Өскенбаев П. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады