Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қатені түзеу

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2-14 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 мамырда № 5022 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Е. Абуталипов

  2023 жылғы 4 мамырдағы № 2-14 шешіміне қосымша

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпандағы №14-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №79 болып тіркелген);

      2. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпандағы № 14-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 қарашадағы №29-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №113 болып тіркелген);

      3. "Т.Рысқұлов ауданы бойынша жер салығының базалық салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 15 қарашадағы № 29-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №114 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады