Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымда № 5-13 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабындағы 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 387 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелері бекітілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрайымы хатшысы
Л. Асанова М. Есмаханов
Сарысу аудандық мәслихатының
2010 жылғы 30 наурыздағы № 34-11
шешімімен бекітілген
Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелері 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелері (әрі қарай - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 387 бабына сәйкес әзірленген және Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру тәртібі
3. Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру аудан көлеміндегі жеке азаматтармен, жеке пәтер иелері кооперативтерімен, және меншік нысанына қарамастан мекеме, ұйым және кәсіпорындармен жүргізіледі.
4. Әрбір мекеме, ұйым және кәсіпорындарға (келісімдері бойынша) жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген жер аумақтарын көріктендіру жұмыстарын жүргізу ұысынлады.
5. Үйлерге кіре беріс жолдарды, үй ауласына енетін аумақтарды жинау пәтер иелері кооперативтерінің, ал көшелерді тротуарларды, жасыл желектердің маңын үй аралық жолдарды, саябақ, гүлбақтарды жинау қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте мекемеге жүктеледі.
6. Қала мен аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін (стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар, ауыл шаруашылық жерлері тағы да басқалар) көріктендіру және тазалықта ұстау сол жерлерді пайдалану құқығы бар азаматтарға, мекемелерге жүктеледі.
Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу объектілерінің аумағын жинап, тазалығын сақтауға, осы жұмыстарды жүргізіп жатқан құрылыс мекемелері жүргізекді.
7. Тұрғын үй, қызмет, өндіріс ғимараттарының иелері мен пайдаланушылары осы ғимараттардың маңдайшаларын, нөмірлік белгілерін, көше көшеттерін ұқыпты ұстаулары тиіс.
8. Тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын ашу, әсіресе тұрғын үйлер аумағында белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және басқа да тиісті органдармен келісілуі тиіс.
9. Тұрғын үйлер подъездерінде басқыш алаңдарының, жер төлелердің тазалығы санитарлық ережелерге сәйкес сақталуы тиіс.
10. Хабарламалар, жарнамалар, құлақтандырулар осы мақсатқа белгіленген жерлерге ғана жапсырылуы тиіс.
11. Ғимараттардың, офистердің кіре берісіне, сауда орындарының, дүкендердің, павильиондардың алдына, саябақ пен гүлбақтарға, жаға-жайларға қоқыс салатын сауыттары орнатылады және олар уақытылы қоқыстан тазартылып тұруы тиіс.
12. Елді мекендердің аумақтарын көріктендіру мен қалыпты сантарлық жағдайда ұстау мақсатында жол берілмейді:
көшелерде, тротуарларда, көгалдарда, үйлердің кіре берістеріне құрылыс материалдарын, ағаш, көмір, шөп, улы химикаттар, темір терсектер және де басқа қоқыстар жинауға;
көшелерге, су көздеріне, жасыл желектің маңына және де басқа көпшілік орындарға қоқысты, басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға;
жол бойында, тротуарларда су жүйесі құбырлары мен канализациялық құбырлар жүргізілген люктерді, құдықтарды қоршалмаған жағдайда ашық қалдыруға;
арық жүйелерін бұзу, қазылған жерлерді реттеп тегістемей, қалдырып кетуге.
3. Қорытынды ережелер
13. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.