Сарысу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 284 Қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 тамыздағы N 175 Қаулысы. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қыркүйекте 99 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негiзiнде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 284 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-9-86 болып тіркелген, 2010 жылдың 30 қаңтарында №9 «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулының 1 қосымшасы төмендегі мәтіндегі жолмен толықтырылсын:
      «21. Сарысу ауданы Әкімінің «Жаңатас-Су-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны».
      2. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады