"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 11 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Жаңатас қаласы және Сарысу ауданы бойынша жартылай шөлейт және шөлейт, тау бөктерiндегi-шөлейт-далалық, субтропикалық шөлейт және тау бөктерiндегi-шөлейт аймақтарда орналасқан селолық елдi мекендерде жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасына екi есеге кемiтетiн түзету коэффициентi бекiтiлсiн.
2. Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
М. Төлепбеков | М. Есмаханов |