Талас ауданында 2010 жылы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 366 қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 104 болып енгізілді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабын және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жетіге дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін мына құрамында аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Симтиков Қуаныш Алпысбайұлы
"Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Махамбетов Мырзахан Махамбетұлы
"Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Сыдықов Айдар Сыдықұлы
"Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Талас аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
Ормаханов Сәкен Сүйімбекұлы
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Талас аудандық орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының хирург-дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);
Қасымова Нұрилә Керімбайқызы
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Талас аудандық орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

      3. "Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Талас аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.А. Бүркітбаевқа (келісімі бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттерін өтеуден жалтарып жүргендерді іздеу және оларды ұстау, сонымен қатар әскери бөлімдерге жонелтілу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.
      5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан Әкімінің
      міндетін атқарушы Ғ. Қартабаев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасы
      Талас аудандық орталық емханасы"
      коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      М.К. Серімов
      19 тамыз 2010 жыл
      "Жамбыл облысы Қаратау қаласының
      Қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қ.А. Симтиков
      19 тамыз 2010 жыл
      "Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
      Талас аудандық Ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Б.А. Бүркітбаев
      19 тамыз 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады