Біржолғы талон құны туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас ауданы Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-7 Шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 04 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 111 болып енгізілді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 34-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 34-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36–бабын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Талас ауданының елді мекендеріндегі базарлар аумағындағы дүнгіршектердегі, стационарлық үй жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құны (бір күндік есебінде) төмендегіше белгіленсін:

Халық тұтынатын тауарлар, киім-кешек, аяқ-киім

65 теңге

Косметика және парфюмерия

80 теңге

Кеңсе тауарлары

70 теңге

Үй жиһаздары, кілем т.б,

70 теңге

Ойыншықтар

70 теңге

Көшеттер түрлі отырғызылатын тұқымдар

60 теңге

Әк сату

40 теңге

Азық-түлік сату

65 теңге

Ет сату

120 теңге

Ет-сүт өнімдері (колбаса, май, сыр)

120 теңге

Сүт өнімдері

55 теңге

Тірі балық

80 теңге

Өсімдік (шит) май

100 теңге

Ұн, (қант) сату

80 теңге

Салат өнімдері

75 теңге

Бал сату

90 теңге

Қосалқы бөлшектер сату

60 теңге

Балмұздақ

50 теңге

Дайын тамақ түрлері (самса, бәліш т. б.)

121 теңге

Бақша өнімдері

70 теңге

Уақ мал (қой, ешкі т. б.)

100 теңге

Ірі қара (жылқы, сиыр, түйе)

170 теңге

Құс сату

50 теңге

Аяқ-киім жөндеу

60 теңге

Кілт және басқа темір бұйымдар жасау

40 теңге

Мал бағу (пада)

100 теңге

Қоғамдық орындарда суретке түсіру

270 теңге

Шашлық (кәуап) пісіріп сату

320 теңге

Көкөніс, жеміс-жидек т. б.

65 теңге

Газет сату

50 теңге

Саңырауқұлақ сату

60 теңге

      2. Аталған Шешім қабылдауына сәйкес Талас аудандық мәслихатының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 19-9 "Бір жолғы талон құны туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-10-22 болып тіркелген, аудандық "Талас тынысы" газетінің 2005 жылдың 23 қаңтарда № 7 жарияланған) Шешімнің күші жойылсын.

      3. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Е. Құлекеев Ж. Әсемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады