2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Талас ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 541 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 қаңтарда № 6-10-116 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137- баптарына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі» негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2011 жылғы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы Қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Дадабаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                А.Қарабалаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының № 2 кәсіптік
лицейі» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының директоры
К.Мадибаев
13 желтоқсан 2010ж.

Талас ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 541 Қаулысына 1- қосымша

2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшасына толықтырулар енгізілді - Талас ауданы әкімдігінің 2011.07.26 № 296 Қаулысымен

      1. «Қаратау қаласы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
      2. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      3. «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      4. «Талас ауданы әкімдігінің білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      5. «Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      6. «Талас ауданы Аққұм ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      7. «Талас ауданы Берікқара ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      8. «Талас ауданы Бостандық ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      9. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      10. «Талас ауданы Қызыл-әуіт ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      11. «Талас ауданы Кеңес ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      12. «Талас ауданы Қасқабұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      13. «Талас ауданы Қаратау ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      14. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      15. «Талас ауданы Тамды ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      16. «Талас ауданы Үшарал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      17. «Талас ауданы Шәкіров ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
      18. «Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Авангард» кинотеатры» көпсалалы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
      19. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      20. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №2 кәсіптік лицейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
      21.«Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      22. «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      23. «Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      24. «Талас ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;
      25. «Талас ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Талас ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 541 Қаулысына 2- қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Талас ауданы әкімдігінің 2011.07.26 № 296 Қаулысымен 

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары

Сұраныс

Ұсыныс

Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері (бір қатысушыға) және оларды қаржыландырудың көздері

1.

Көркем безендіру және көгалдандыру

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі-6 ай.

Қала, ауыл округтері бойынша көркем безендіру-150 километр. Қоқыстан тазарту жұмыстары-33 000 куб метр, гүл және тал ағаштарын отырғызу – 4 000 түп.

77

77

18 110 теңге

жергілікті бюджет

2.

Халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.

Аудан бойынша әлеуметтік көмек түрлерін алушылардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу – 112 000 құжат

3

3

18 110 теңге

жергілікті бюджет

3.

Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.

Мекемелердегі құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету – 17 900 құжат

7

7

18 110 теңге

жергілікті бюджет

Барлығы:

87

87



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады