Аудан әкімдігінің 2010 жылдың 26 сәуіріндегі "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Шу ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 133 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 09 қыркүйектегі N 335 Қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қазанда 98 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 02.09.2015 ж. № 315 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 02.09.2015 ж. № 315 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабының 3 тармағына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысына сәйкес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Шу ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2010 жылдың 26 сәуіріндегі № 133 Қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6-11-91 тіркелген, 2010 жылдың 12 маусымындағы №47 нөмірінде "Шу өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақтағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі аудандық комиссия құрамына:
 

Құрманов
Манас Тұрсынәліұлы
 

- "Шу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Шу ауданы әкімінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары енгізілсін.
 

   

            Сондай-ақ, аталған комиссия құрамынан Аймамбетов Ербол Еркінұлы шығарылсын.
      2. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ускумбаеваға жүктелсін.
      3. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Қ.Жабағиев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады