2010 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы N 21/247 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 наурызда N 8-2-112 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/331 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 28/331 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы Қаулысына сәйкес Жезқазған қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 19/220 (2009 жылдың 25 желтоқсанында 8-2-100 нөмірімен нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2010 жылдың 9 қаңтарындағы N 2 (7619) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 8 қаңтарындағы N 1 (171) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Тысевич

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Қ. Әбдіров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жезқазған қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.А. Ставицкая

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады