Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011.04.11 N 09/04 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін. Әскери қызметке шақырудан босатылуға және кейінге қалдырылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар, сонымен қатар шақырудан кейінге қалдырылу құқығын жоғалтқан азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.
2. Шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Шақыру комиссиясының мүшелері ауырып қалған және басқа себептермен болмай қалған жағдайда қалалық шақыру комиссиясының резервтік құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Медициналық комиссияның құрамы 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймақтық өкілдігінің бастығына (Қабыкенов Кенжетай Қабыкенұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы негізінде, әскери қызметке шақыру кезеңінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін, қажетті мөлшерде медициналық жұмыскерлермен қамтамасыз етуді, шақыру комиссиясы жұмысының барлық кезеңінде медициналық комиссия мүшелерінің жұмыс орындарын және атқарып отырған қызметінің сақталуы, медициналық комиссияны дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен жабдықталуы ұсынылсын (келісім бойынша).
6. "Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Әбеуов Арқалық Бәженұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 44 баптарына сәйкес:
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды;
2) "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы мәліметтерді белгіленген мерзімде хабарлау;
3) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
7. "Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығына (Дәрібаев Жанбырбай Әбжаметұлы), "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына сәйкес "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағына техникалық қызметкерлердің қажетті санының бөлінуін қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
8. Талап (Ниязбеков Марат Әбдікәріұлы), Кеңгір (Кенжебаев Әбдірахим Рысбайұлы), Малшыбай (Мейрамов Елжас Даулетярұлы) селоларының әкімдері әскерге шақырушыларды "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабарлап, азаматтарды шақыру комиссиясына жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
9. "Жезқазған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығына (Байқасынов Айып Асылханұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде 2010 жылдың шақыруды өткізуге байланысты шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылсын.
10. "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ақатов Манас Олжабайұлы):
1) әскерге шақырылушылармен тәрбиелік және мәдени-бұқаралық
жұмыстар жүргізу үшін үгіт пункіттерін, шақыру учаскелерін жабдықтау;
2) жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруға әзірлік барысы және оның нәтижесі туралы ақпаратты қала әкімінің аппаратына әскерге шақыру аяқталған соң тапсыру ұсынылсын.
11. "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 10/01 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне 8-2-82 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 16 мамырындағы N 53 "Сарыарқа" газетінде және 2009 жылдың 20 мамырындағы N 35 "Жезказганская правда" газетінде жарияланған), "Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 10/01 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 26/02 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне 8-2-97 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 28 қазанындағы N 107 "Сарыарқа" газетінде және 2009 жылдың 28 қазанындағы N 79 "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) Жезқазған қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсін.
13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі Қ. Балмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Жезқазған қаласының ішкі істер Әбеуов Арқалық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Бәженұлы
бастығы
Қарағанды облысы денсаулық сақтау Қабыкенов Кенжетай
басқармасының Жезқазған аймақтық Қабыкенұлы
өкілдігінің бастығы
"Қарағанды облысы Жезқазған Ақатов Манас
қаласының қорғаныс істері жөніндегі Олжабайұлы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Жезқазған қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі
N 10/38 қаулысына
1-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы
Ақатов Манас Олжабайұлы - "Қарағанды облысы Жезқазған
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрағасы;
Ғабдулуахитов Серікжан - Жезқазған қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Әбенов Абдынасыр Молдабайұлы - "Жезқазған қаласының ішкі
істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша);
Мұқанов Амангелді Мұқанұлы - жүйке-тамыр дәрігері,
комиссия төрағасы;
Титова Ирина Анатольевна - медицина бибісі,
комиссияның хатшысы
Жезқазған қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі
N 10/38 қаулысына
2-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының
резервтік құрамы
Мырхиев Асан Ибрагимұлы - "Қарағанды облысы Жезқазған
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекеме бастығы
орынбасарының міндетін
уақытша атқарушы, комиссия
төрағасы;
Аханов Бейбіт Мұзарафұлы - Жезқазған қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Мұхаметқанов Марат Мұхтарұлы - "Жезқазған қаласының ішкі
істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша);
Михальченко Марина Михайловна - терапевт-дәрігері, қалалық
медициналық комиссия
төрағасы;
Жанбуршина Майра Өмешқызы - медицина бибісі,
комиссияның хатшысы
Жезқазған қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі
N 10/38 қаулысына
3-қосымша
Медициналық комиссияның құрамы
Ескерту. 3 қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010.08.19 N 18/05 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1. Жүйке–тамыр дәрігері,
комиссия төрағасы - Мұқанов Амангелді Мұқанұлы
2. Оташы (хирург) - Қасенов Садықбек Қасенұлы
3. Тіс дәрігері - Нұркенова Нескен Әкімқызы
4. Дәрігер-офтальмолог - Ерназарова Ақлима Танатқызы
5. Дәрігер-терапевт - Михальченко Марина
Михайловна
6. Тері аурулары дәрігері - Оспанова Гүлдара Оспанқызы
7. Дәрігер-отоларинголог - Нұржанова Гүлмира Серікқызы
8. Дәрігер-психиатр - Күпенова Майра
9. Дәрігер-фтизиатр - Мелымко Елена Ивановна
10. Комиссия хатшысы - Титова Ирина Анатольевна
11. Орта медициналық персонал - 4 адам