Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 10/01 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 26/02 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қазанда N 8-2-97 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 10/38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010.04.22 N 10/38 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 10/01 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2009 жылғы 8 мамырында N 8-2-82 Жезқазған қаласының әділет басқармасымен тіркелген, "Сарыарқа" газетінің 2009 жылғы 16 мамырдағы 53 нөмірінде, "Жезказганская правда" газетінің 2009 жылғы 20 мамырдағы 35 нөмірінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6-тармақтағы "Бөлекбаев Берік Сейтханұлы" деген сөздер "Әбеуов Арқалық Бәженұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы (Кенжебаев Әбдірахим Рысбайұлы)" деген сөздер "Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Өтеубаев Молдағали Дүйсенұлы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "Сүттібаева Назикүл Сейтқалиқызы" деген сөздер "Кенжебаев Әбдірахим Рысбайұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсін";
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы қалалық шақыру комиссиясының құрамына Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Ғабдулуахитов Серікжан комиссия төрағасының орынбасары болып енгізілсін;
      комиссия құрамынан Филипович Станислав Валентинович шығарылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Қ. Балмағамбетов

      Келісілді:

      "Жезқазған қаласының білім, дене           Өтеубаев Молдағали
      шынықтыру және спорт бөлімі"               Дүйсенұлы
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      "Жезқазған қаласының ішкі істер            Әбеуов Арқалық
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің        Бәженұлы
      бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады