2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 08 сәуірдегі N 10/01 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 08 мамырда N 8-2-82 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 10/38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010.04.22 N 10/38 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін, әскери қызметке шақырудан босатылуға және кейінге қалдырылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар, сонымен қатар шақыруды кейінге қалдырылу құқығын жоғалтқан азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.
      2. Шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Шақыру комиссиясының мүшелері ауырып қалған және басқа себептермен болмай қалған жағдайда қалалық шақыру комиссиясының резервтік құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Медициналық комиссияның құрамы 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      5. Азаматтарды шақыру кезеңінде медициналық куәландырудан өткізу үшін Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының Жезқазғандағы аймақтық өкілдігінің бастығына (Қабыкенов Кенжетай Қабыкенұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы негізінде 14 медициналық жұмыскерлердің бөлінуін (9-дәрігер, 5-медбике) шақыру комиссиясы жұмысының барлық кезеңінде медициналық комиссия мүшелерінің жұмыс орындарын және атқарып отырған қызметінің сақталуын, медициналық комиссияны дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен жабдықталуы ұсынылсын (келісім бойынша).
      6. "Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Әбеуов Арқалық Бәженұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1844 баптарына сәйкес:
      1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды;
      2) "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы мәліметтерді белгіленген мерзімде хабарлау (келісім бойынша);
      3) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      Ескерту. 6 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009.09.24 N 26/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      7. "Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Өтеубаев Молдағали Дүйсенұлы), "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына сәйкес "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағына техникалық қызметкерлердің қажетті санының бөлінуін қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009.09.24 N 26/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      8. Талап (Ниязбеков Марат Әбдікәрімұлы), Кеңгір (Кенжебаев Әбдірахим Рысбайұлы), Малшыбай (Мейрамов Елжас Даулетярұлы) селоларының әкімдері әскерге шақырушыларды оларды "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабарлап, азаматтарды шақыру комиссиясына жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 8 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009.09.24 N 26/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      9. "Жезқазған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығына (Байқасынов Айып Асылханұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде 2009 жылдың шақыруды өткізуге байланысты шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылсын.
      10. "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ақатов Манас Олжабайұлы):
      1) әскерге шақырылушылармен тәрбиелік және мәдени-бұқаралық жұмыстар жүргізу үшін үгіт пункіттерін, шақыру учаскелерін жабдықтау;
      2) жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруға әзірлік барысы және оның нәтижесі туралы ақпаратты қала әкімінің аппаратына әскерге шақыру аяқталған соң тапсыру ұсынылсын.
      11. "1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылдың көктем және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 265/4 (2008 жылдың 14 мамырында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-63 нөмірімен тіркелген және 2008 жылдың 21 мамырында "Сарыарқа" газетінің 41 нөмірінде және 2008 жылдың 21 мамырында "Жезказганская правда" газетінің 21 нөмірінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсін
      Ескерту. 12 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы  Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009.09.24 N 26/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы                          С. Филипович

      Келісілді:

      "Жезқазған қаласының білім бөлімі"         Кенжебаев Әбдрахим
      мемлекеттік мекемесі бастығының            Рысбайұлы
      міндетін атқарушы

      "Жезқазған қаласының жұмыспен              Мырзаханов Бағлан
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар        Мырзаханұлы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы

      "Жезқазған қаласының қаржы бөлімі"         Байқасынов Айып
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Асылханұлы

      "Жезқазған қаласының ішкі істер            Бөлекбаев Берік
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің        Сейтханұлы
      бастығы

      Қарағанды облыстық денсаулық сақтау        Қабыкенов Кенжетай
      басқармасының Жезқазғандағы аймақтық       Қабыкенұлы
      өкілдігінің бастығы

      "Қарағанды облысы Жезқазған                Ақатов Манас
      қаласының қорғаныс істері жөніндегі        Олжабайұлы
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы

Жезқазған қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 8 сәуірдегі
N 10/01 қаулысына 1-қосымша

Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009.09.24 N 26/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Ақатов Манас Олжабайұлы      - "Қарағанды облысы Жезқазған
                                     қаласының қорғаныс істері
                                     жөніндегі басқармасы"
                                     мемлекеттік мекемесінің
                                     бастығы, комиссия төрағасы;

      Ғабдулуахитов Серікжан       - Жезқазған қаласы әкімінің
                                     орынбасары, комиссия
                                     төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      Әбенов Абдынасыр             - "Жезқазған қаласының ішкі істер
      Молдабайұлы                    басқармасы" мемлекеттік мекемесі
                                     бастығының орынбасары;

      Мұқанов Амангелді Мұқанұлы   - жүйке-тамыр дәрігері,
                                     медициналық комиссия төрағасы;

      Титова Ирина Анатольевна     - медбибі, комиссияның хатшысы

Жезқазған қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 8 сәуірдегі
N 10/01 қаулысына 2-қосымша

Қалалық шақыру комиссиясының
резервтік құрамы

      Шамбұлов Әділхан Құрманұлы   - "Қарағанды облысы Жезқазған
                                     қаласының қорғаныс істері
                                     жөніндегі басқармасы"
                                     мемлекеттік мекемесі
                                     бастығының орынбасары,
                                     комиссия төрағасы;

      Аханов Бейбіт Мұзарафұлы     - Жезқазған қаласы әкімінің
                                     орынбасары, комиссия
                                     төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      Мұхаметқанов Марат           - "Жезқазған қаласының ішкі істер
      Мұхтарұлы                      басқармасы" мемлекеттік мекемесі                                       бастығының орынбасары;

      Михальченко Марина           - терапевт-дәрігері, қалалық
      Михайловна                     медициналық комиссия төрағасы;

      Баранова Валентина           - медбибі, комиссияның хатшысы
      Николаевна

Жезқазған қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 8 сәуірдегі
N 10/01 қаулысына 3-қосымша

Медициналық комиссияның құрамы

      1. Жүйке–тамыр дәрігері,       - Мұқанов Амангелді Мұқанұлы
         комиссия төрағасы

      2. Оташы (хирург)              - Досанов Әбдірахман Кәрімұлы

      3. Тіс дәрігері                - Ладурко Раиса Денисовна

      4. Көз дәрігері                - Ерназарова Ақлима Танатқызы

      5. Терапевт-дәрігері           - Михальченко Марина Михайловна

      6. Тері аурулары дәрігері      - Оспанова Гүлдар Оспанқызы

      7. Дәрігер отоларинголог       - Нуржанова Гүлмира Сериковна

      8. Дәрігер психиатр            - Слепцова Людмила Михайловна

      9. Дәрігер фтизиатр            - Мелымко Елена Ивановна

      10. Комиссия хатшысы           - Титова Ирина Анатольевна

      11. Орта медициналық персонал  - 4 адам

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады