2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/284 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 тамызда N 8-2-117 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/332 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 28/332 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның бағасы белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Төлеуов С.Ж.

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Әбдіров Қ.С.

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жезқазған қаласы бойынша                  Ахметов Батырлан
      салық басқармасы" мемлекеттік              Дүйсенбайұлы
      мекемесінің бастығы
      20.07.2010 ж.

Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылдың 16 шілдедегі
N 24/284 шешіміне қосымша

Жезқазған қаласындағы базарларда тауарларды сату құқығын беретін бір жолғы талонның құнын есептеу

Базар атауы

мамандандыру

Сауда орнының түрі

Бір жолғы талонның айлық есептік көрсеткішпен бір күнге пайыздық құны

"Шаруа" базары, Фирма "Арат" Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі, 67

өнеркәсіптік

үлкен сөрелер

16,5

кіші сөрелер

11,8

көлік

39,3

азық-түліктік

азық-түлік, ет сөрелер

18,10

жеміс-жидек

11,8

көліктен

39,3

"Нарық" базары, "Панацея" ЖШС Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі 12

өнеркәсіптік

павильоннан

18,85

үлкен сөрелерден

16,5

кіші сөрелерден

11,00

көліктен

39,3

азық-түліктік

ет сөрелері

17,3

азық-түлік сөрелері

17,3

жеміс-жидек

11

көліктен

39,3

"Мерей" базары, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі, 60 а

өнеркәсіптік

үлкен сөрелерден

18,1

орта сөрелерден

16,5

кіші сөрелерден

11,8

"Турсынай-Ана" базары, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі

азық-түлік

үлкен сөрелерден

18,10

кіші сөрелерден

11,8

"Жансая" базары  Жезқазған қаласы, Абай көшесі

өнеркәсіптік

сөрелер

18,85

автокөліктерді сатуды жүзеге асыру

7,85

Жезқазған қаласы Вокзал алаңындағы шағын-базар

өнеркәсіптік

сөрелерден

4,1

азық-түлік

сөрелерден

4,2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады