"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4 тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қаласының кейбір көшелері:
1) Дзержинский көшесі Әбілқасен Әміралин көшесі болып;
2) Карагандинская көшесі Қарағанды көшесі болып;
3) Тохтаров көшесі Төлеген Тоқтаров көшесі болып;
4) С. Шарипов көшесі Сабыр Шәріпов көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының
әкімі Балмағамбетов Қ.С.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Төлеуов С.Ж.
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Әбдіров Қ.С.