Жезқазған қаласында азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда N 8-2-127 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің 2011.09.26 N 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Қарағанды облысы Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ақатов М.О. - келісім бойынша) 2011 жылдың қаңтар-наурызында Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ жасы үлкен бұрын тіркеуден өтпеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді жүргізсін.
      2. "Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы" Жезқазған қаласы әкімінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 1 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-102 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 27 қаңтарындағы N 7 (7624) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 29 қаңтарындағы N 4 (174) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.Қ. Шыңғысовқа жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Б. Әбдіғалиұлы

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарағанды облысы Жезқазған                Ақатов Манас
      қаласының қорғаныс істері жөніндегі        Олжабайұлы
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      15.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады