Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің 2010.12.15 N 1 шешімімен.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтар тіркелетін болсын.
2. Тіркеуді ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Тіркеу жөніндегі комиссияның мүшелері ауырып қалған және басқа да дәлелді себептермен болмай қалған жағдайда қалалық тіркеу жөніндегі комиссияның резервтік құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Медициналық комиссияның құрамы 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының Жезқазғандағы аймақтық өкілдігінің бастығына (Қабыкенов Кенжетай Қабыкенұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде тіркеу жөніндегі комиссия жұмысының барлық кезеңінде комиссия мүшелерінің жұмыс орындары және атқаратын қызметі сақтала отырып, медициналық жұмыскерлердің бөлінуін қамтамасыз етуі, медициналық комиссияны дәрі-дәрмектермен және құралдармен жабдықталуы ұсынылсын (келісім бойынша).
6. "Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Өтеубаев Молдағали Дүйсенұлы), "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағына қажетті санда техникалық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).
7. "Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Әбеуов Арқалық Бәженұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне белгіленген мерзімде, оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскер жасына дейінгілер туралы мәліметтерді беру ұсынылсын (келісім бойынша).
8. Талап (Ниязбеков Марат Әбдікәрімұлы), Кеңгір (Кенжебаев Әбдірахим Рысбайұлы), Малшыбай (Мейрамов Елжас Даулетярұлы) селоларының әкімдері "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне белгіленген мерзімде, шақыру учаскесіне тiркелуге жататын әскер жасына дейiнгiлердiң тiзiмiн берсін.
9. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсін.
Жезқазған қаласының әкімі Қ. Балмағамбетов
Келісілді:
"Жезқазған қаласының білім,
дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Д. Өтеубаев
"Жезқазған қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.М. Мырзаханов
"Жезқазған қаласының ішкі істер
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Б. Әбеуов
Қарағанды облыстық денсаулық
сақтау басқармасының Жезқазғандағы
аймақтық өкілдігінің бастығы К.Қ. Қабыкенов
"Қарағанды облысы Жезқазған
қаласының қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы М.О. Ақатов
Жезқазған қаласы әкімінің
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1 шешіміне 1-қосымша
Қалалық тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы
Ақатов Манас - "Қарағанды облысы Жезқазған
Олжабайұлы қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрағасы
Ғабдулуахитов Серікжан - Жезқазған қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әбенов Абдынасыр - "Жезқазған қаласының ішкі
Молдабайұлы істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары
Мұқанов Амангелді - жүйке-тамыр дәрігері,
Мұқанұлы медициналық комиссия
төрағасы
Титова Ирина - медицина бибісі, тіркеу
Анатольевна жөніндегі комиссияның
хатшысы
Жезқазған қаласы әкімінің
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1 шешіміне 2-қосымша
Қалалық тіркеу жөніндегі комиссияның резервтік құрамы
Шамбұлов Әділхан - "Қарағанды облысы Жезқазған
Құрманұлы қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары,
комиссия төрағасы
Аханов Бейбұт - Жезқазған қаласы әкімінің
Мұзарафұлы орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Мұхамедканов Марат - "Жезқазған қаласының ішкі
Мұхтарұлы істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары
Михальченко Марина - дәрігер-терапевт,
Михайловна медициналық комиссия
төрағасы
Естаева Наталья - медицина бибісі, тіркеу
Анатольевна жөніндегі комиссияның
хатшысы
Жезқазған қаласы әкімінің
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1 шешіміне 3-қосымша
1. Жүйке – тамыр дәрігері, - Мұқанов Амангелді Мұқанұлы
комиссия төрағасы
2. Оташы (хирург) - Құлымжанов Нұртілек Марланұлы
3. Тіс дәрігері - Ладурко Раиса Денисовна
4. Дәрігер-офтальмолог - Ерназарова Ақлима Танатқызы
5. Дәрігер-терапевт - Михальченко Марина Михайловна
6. Тері аурулары дәрігері - Оспанова Гүлдара Оспанқызы
7. Дәрігер-отоларинголог - Нұржанова Гүлмира Серікқызы
8. Дәрігер-психиатр - Күпенова Майра Күпенқызы
9. Дәрігер-фтизиатр - Мелымко Елена Ивановна
10. Комиссия хатшысы - Титова Ирина Анатольевна
11. Орта медициналық персонал - 4 адам