Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 07.02.2013 N 12/106 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жезқазған қаласы аумағында қызметі дүркін-дүркін сипатттағы жеке тұлғалар үшін, алынатын бір жолғы талондар құны белгіленсін.
2. Жезқазған қалалық мәслихатының "2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы" 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/285 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-118 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 6 тамызындағы N 57 (7674) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 13 тамызындағы N 53 (223) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Қалалық мәслихаттың хатшысы Әбдіров Қ.С.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жезқазған қаласы бойынша Ахметов Батырлан
салық басқармасы" мемлекеттік Дүйсенбайұлы
мекемесінің бастығы
Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/333
шешіміне қосымша
Бір айлық есептік көрсеткіштің пайызымен алынған дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғалардың, қызметіне бір жолғы талондардың құны
N |
Қызмет түрлерінің атауы |
Бір айлық есептік көрсеткішінің пайызбен алынған жеке тұлғалардың, дүркін-дүркін сипаттағы қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір күнге бір жолғы талонның бағасы |
1 |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда): |
|
1) газеттер мен журналдар |
9,45 |
|
2) тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
9,45 |
|
3) бақша дақылдары |
9,45 |
|
4) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер |
14,6 |
|
5) қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері |
9,2 |
|
6) жануарлар мен құстардың жемдері |
9,45 |
|
7) сыпыртқылар, сыпырғылар |
4,75 |
|
8) орман жидегі, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды |
13,75 |
|
2 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
21,6 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарды бағу |
4,75 |
Ескерту:
1. Жеке тұлғалардың дүркін-дүркін сипаттағы қызметінің бір жолғы талондардың құны 1 объектіге салық бір айлық есеп көрсеткіштен пайызбен анықталады және жыл сайын бір айлық есеп көрсеткішке байланысты өзгереді.
2. Жоғарыда көрсетілген бір жолғы талондардың құны Жезқазған қаласы аумағында жүреді. Салық органдарының ұсынысы негізінде жергілікті өкілді органның шешімімен қолданыстағы талондардың құнына өзгерістер енгізуге болады.