Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011.03.03 N 9/1 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына және 20-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберетін Теміртау қаласындағы ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер тізбесі (1-қосымша);
2) қоғамдық ақылы жұмыстар түрлері (2-қосымша).
2. Қоғамдық ақылы жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбекақы 2010 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы есебі бойынша нақты істелген жұмысқа төленсін.
3. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық ақылы жұмыстарға осы мекеменің жұмыспен қамту секторында тіркелген жұмыссыздарды жіберуді қамтамасыз етсін.
4. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қалалық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Теміртау қаласының әкімі Н. Сұлтанов
Теміртау қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 26 қаңтардағы
N 3/10 қаулысына
1-қосымша
Жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберетін Теміртау қаласы мекемелерінің, ұйымдарының және кәсіпорындарының тізбесі
N |
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер атауы |
Жұмыссыздар саны |
1. |
"Қарағанды облысының Әділет департаментінің Теміртау қаласының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
150 |
2. |
"Қарағанды облысы Теміртау қаласының Қорғаныс істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
90 |
3. |
"Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
348 |
4. |
"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
30 |
5. |
"Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
126 |
6. |
"ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі Теміртау қалалық орталығы" мемлекеттік мекемесі |
24 |
7. |
"Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
78 |
8. |
"Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
120 |
9. |
"Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
12 |
10. |
"Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
48 |
11. |
"Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
66 |
12. |
Қарағанды облысының Теміртау қалалық соты |
90 |
13. |
Қарағанды облысы соттар әкімшілігінің Теміртау аумақтық сот атқарушылар бөлімі |
12 |
14. |
Қарағанды облысының Теміртау қаласының прокуратурасы |
36 |
15. |
Теміртау қаласы бойынша салық басқармасы |
180 |
16. |
Қарағанды облысы бойынша Статистика департаментінің Теміртау қаласының статистика басқармасы |
18 |
17. |
Қарағанды облысы Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты |
30 |
18. |
Теміртау қаласының мемлекеттік мұрағаты |
12 |
19. |
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің Теміртау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
12 |
20. |
"Теміртау қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
Барлығы |
1488 |
Теміртау қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 26 қаңтардағы
N 3/10 қаулысына
2-қосымша
Қоғамдық ақылы жұмыстар түрлері
Қоғамдық ақылы жұмыстар келесі түрлерге бөлінеді:
1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына қала аумағын тазалауға, абаттандыруға және көгалдандыруға көмектесу.
2. Аулаларды аралауға, әлеуметтік картаны нақтылауға және тұрғындарды тексеру актісін дайындауға қатысу.
3. Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру құжаттарын өңдеуге көмектесу.
4 Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге көмек көрсету.
5. Мемлекеттік мекемелерге құжаттарды өңдеуге және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге көмектесу.
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақыру қағаздарын дайындау және оны тарату бойынша тұрғындармен жұмыс жасауға көмектесу.
7. Балалардың аулалық клубтарында спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмектесу.
8. Салық төлеу хабарламаларын және түбіртектерін тарату бойынша тұрғындармен жұмыс жасауға көмектесу.
9. "ЖҚТБ" орталығына алдын алу жұмыстарына көмек көрсету.
10. Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, тізілімін және хабарламаларын дайындау жұмыстарына көмектесу.
11. Учаскелік полиция инспекторларына халықпен жұмыс істеуіне көмек көрсету.
Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010.03.04 N 8/1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) қаулысымен.