1983-1992 жылдары туған азаматтарды 2010 жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 29/24 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 қазанда N 8-4-197 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4-13/140 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 313 Қаулысын басшылыққа алып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1983-1992 жылдары туған ер азаматтарды, бірінші кезекте шақыруды кейінге қалдыруға құқығын жоғалтқан, жасы үлкен шақырылушылардың шақыруы өткізілсін. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкестікте берілсін.
      2. Қала мекемелері мен кәсіпорындарының жетекшілеріне әскерге шақырылушылар медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде, оларды медициналық куәландыру және шақыру комиссиясынан өту үшін жұмыстан және оқудан босату ұсынылсын.
      3. Гүлшат, Саяқ, Қоңырат кенттерінің әкімдеріне әскерге шақырушыларды тұрғылықты жерінен, "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - ММ) әскерге шақыру бөлімшесіне дейін әкелу мен жолақысының төленуін қамтамасыз етсін.
      4. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:
      Бекмағамбетов Болат            - комиссия төрағасы
      Абдикешұлы                       "Қарағанды облысы
                                       Балқаш қалалық қорғаныс
                                       жөніндегі біріктірілген
                                       бөлімі" ММ бастығы

      Ли Вячеслав                    - комиссия төрағасының
      Сергеевич                        орынбасары, "Балқаш қаласы
                                       әкім аппараты" ММ Бақылау және
                                       ақпараттық технологияларды
                                       енгізу бөлімінің бас маманы

Комиссия мүшелері:

      Хайпов Айвар                   - Қарағанды облысы ішкі істер
      Ахдарбекұлы                      департаменті Балқаш қаласының
                                       ішкі істер бөлімі (әрі қарай -
                                       Балқаш қаласының ішкі істер
                                       бөлімі) бастығының орынбасары

      Бижанов Қайрат                 - медицина комиссиясының
      Көбентайұлы                      төрағасы, Қарағанды облысы
                                       әкімдігі Қарағанды облысының
                                       денсаулық сақтау "Балқаш
                                       қаласының N 1 емханасы"
                                       Коммуналдық Мемлекеттік
                                       Қазыналық Кәсіпорынның (әрі
                                       қарай - Балқаш қаласының N 1
                                       емханасы" КМҚК) директорының
                                       орынбасары

      Шайхисламова Гүлнар            - комиссия хатшысы, "Балқаш
      Мәлібекқызы                      қаласының N 1 емханасы" КМҚК
                                       медициналық бике.

      Қалалық әскерге шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесі" талаптарын өз жұмысында қатаң басшылыққа алсын.
      5. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасы" ММ Балқаш аймақтық өкілдігі (М.О. Жанов келісім бойынша) шақырылушыларды сапалы куәландыру мақсатында:
      1) медициналық комиссия құрамына жоғары білікті дәрігер мамандар мен орта медициналық қызметкерлер (қосымшаға сәйкес) бөлінсін "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ мен "Балқаш қаласының N 1 емханасы" КМҚК арасында жасалған шарт бойынша);
      2) шақыру мерзіміне рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын ұйымдастырсын;
      3) медициналық комиссия жолдаған әскерге шақырылушыларды тұрақты емдеу, сауықтыруды қамтамасыз етсін.
      6. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде қалалық шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Қ.Қ. Адамова) 2010 жылдың 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 51/06 "2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары және мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына (2010 жылғы 14 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдердің N 8-4-162 тізіліміне енгізілген, 2010 жылғы 20 қаңтардағы N 7-8 (11521) "Балқаш өңірі", N 7 (555) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) сәйкес ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздар қатарынан, техникалық жұмыскерлер жіберсін.
      7. Балқаш қаласының ішкі істер бөліміне (Е.М. Киякин келісім бойынша):
      1) жеті күн мерзім ішінде жергілікті әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарласын;
      2) әскери шақырудың барлық кезеңінде Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне шақыру пунктінде, теміржол және автомобиль отырғызу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетсін;
      3) Балқаш станциясынан Қарағанды қаласының облыстық жинау пунктіне дейін, Қарағанды қаласының облыстық жинау пунктінен Балқаш станциясынан дейін шығарып салу үшін әр жіберілген командаға бір полиция қызметкерін бөлсін;
      4) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздеуді, жеткізуді қажетті жағдайда ұстауды ұйымдастырсын.
      8. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" ММ (Ж.К. Томпиева), "Балқаш қаласының экономика және бюджеттік бағдарламалар бөлімі" ММ (З.С. Шлыкова) осы көрсетілген іс шараларды орындауға байланысты шығындарға қажетті қаражат бөлсін.
      9. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ (Б.А. Бекмағанбетов келісім бойынша) 2011 жылғы 10 қаңтарға дейін күзгі әскерге шақыру нәтижелері жөнінде қала әкіміне ақпарат берсін.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Махмұт Сәдуақасұлы Жарылғапқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарағанды облысы Балқаш
      қалалық қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімі" ММ бастығы
      ____________ Б. Бекмағамбетов
      12 қыркүйек 2010 жыл

      "Қарағанды облысының денсаулық
      сақтау Басқармасы" ММ Балқаш
      аймақтық өкілдігі бастығы
      _____________ М. Жанов
      12 қыркүйек 2010 жыл

      "Қарағанды облысы ішкі істер департаменті
      Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" ММ
      бастығының міндетін атқарушы
      ______________ А. Дюсембеков
      12 қыркүйек 2010 жыл

Балқаш қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 29/24
қаулысына қосымша

1983-1992 жылдары туған азаматтарды 2010 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу медициналық комиссиясының
ҚҰРАМЫ

N

Дәрігер – мамандар

Негізгі құрам

Резервтік құрам

1

Медициналық комиссия төрағасы

Қайрат Көбентайұлы Бижанов

Надежда Жұмахметқызы Елубаева

2

Комиссия хатшысы

Гүлнар Мәлібекқызы Шайхисламова


3

Хирург

Айтжан Нышанұлы Тұранов

Рашида Қуатбекқызы Ибраева

4

Терапевт

Вера Леонидовна Галкина

Гүлжамал Құралқызы Баталова

5

Офтальмолог

Надежда Жумахметовна Елубаева

Сәуле Хайратқызы Тлеубекова

6

Отоларинголог

Лариса Александровна Переверзева

Амир Агабекович Мамедов

7

Невропатолог

Тәңірберген Құдайбергенұлы Темірбаев

Светлана Зигалиқызы Рахимбаева

8

Психиатр

Салтанат Қуандыққызы Искакова

Алима Төреахметқызы Ешниязова

9

Тіс дәрігері

Әнуарбек Шынарбекұлы Табиев


10

Дерматолог

Кәмшат Жақсылыққызы Дакенова

Жібек Нұржанқызы Сауранбаева

11

Фтизиатр

Татьяна Түсіпханқызы Болғамбаева

Айтолкын Базарбайқызы Казанова

12

Рентгенолог

Валентина Викторовна Голоенко

Людмила Викторовна Севастянова

13

Нарколог

Любовь Михайловна Сидоренко

Рашида Мажитқызы Момынова

14

Лаборант

Тілеукен Сатыбалдықызы Тұтқабекова

Айман Қапышқызы Қарабаева

15

Рентген - лаборант

Бекзат Бақбергенұлы Жакупбеков

Николай Николаевич Писаревич

16

Медбике - антропометрия

Күлғайша Жаңабайқызы Жексембина


17

Терапевт медбикесі

Қарлығаш Сәкенқызы Қозыкеева

Наталья Петровна Ли

18

ЭКГ медбикесі

Бекүл Сейітбекқызы Жұмабаева

Қарғаш Мақсұтқызы Жаныбекова

19

Окулист медбикесі

Құралай Оспанқұлқызы Әлімжанова

Бибікен Өмірзаққызы Бекбенбетова

20

Дәрігерлер кабинетінің санитары

Алтын Зәкіржанқызы Аймағамбетова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады