Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 30 шілдедегі Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32/259 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-194 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 қыркүйектегі N 116 "Балқаш өңірі" газетінде, 2010 жылғы 29 қыркүйектегі N 111 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) толықтыру енгізілсін:
1) Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік тілдегі кіріспесінде "іргелес кенттердің" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі кіріспесінде "порядок и размер предоставления жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын;
2) Ереженің мемлекеттік тілдегі 3 тармағында "Тұрғын үй көмегі" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі 3 тармағында "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Сессия төрағасы Р. Қойбағарова
Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов К.Г.
24.12.2010 ж.
Қаржы бөлімінің бастығы Томпиева Ж.К.
24.12.2010 ж.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
24.12.2010 ж.