Автотұрақтар, автокөлікке жанар май құю станциалары орналасқан аумақтарға жер салығының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 39/304 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 8-4-213 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 10 наурыздағы N 42/322 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/322 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық маслихат ШЕШТІ:
      1. Балқаш қаласының жерінде орналасқан автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жер учаскелеріне, соның ішінде тұрғын үй қоры жерлерін, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, бағалық аймақтарды ескеріп жер салығының 10 есе ұлғайтылған көлемі бекітілсін.
      2. Қалалық мәслихаттың 2001 жылғы 1 наурыздағы N 10/107 "Базар, автотұрақ, автокөлікке жанар май құю станциялары орналасқан территорияларға салынатын жер салығының көлемін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 232 болып тіркелген, 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 26 "Балқаш өңірі" газетінде, 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 30 "Балхашский рабочий" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2001.03.01 N 10/107 шешімі РҚАО-ға түспеген.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрайымы                            Р. Қойбағарова

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Сторожко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі                                 Тейлянов Қ.Г.
      24.12.2010 ж.

      Балқаш қаласы бойынша
      Салық басқармасының
      бастығы                                    Мукеева Р.Т.
      24.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады