Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының Х сессиясының 2012.12.12 N 82 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 16 шілдедегі ХІХ сессиясының "Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі туралы" N 173 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 8-5-77 болып тіркелген, 2009 жылдың 29 тамызында N 35 (446) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ережеде:
1-тармақта "міндетті" деген сөз "қажетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта "жол бермеуге міндетті" деген сөздер "жол бермеуі қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта "қамтамасыз етуге міндетті" деген сөздер "қамтамасыз етуі қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақта "міндетті" деген сөз "қажетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтін бойынша абзацтардың алдында "-" белгісі алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХVІІ сессияның төрағасы Н. Рахымов
Қалалық Мәслихаттың хатшысы Н. Кәдiрсiзов