Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2010.17.10 N 27/02 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сәтбаев аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруы сарып анықталған эпизоотия ошақтарында шектеу іс – шараларын енгізумен ветеринариялық тәртіп белгіленсін.
2. "Сәтбаев қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Р. Әбілқасымов) жануарлардың жұқпалы ауруы – сарыптың таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотия ошақтарында ветеринариялық – санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында қажетті ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық шаралар өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С.Т. Медебаев