Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012.06.11 N 45 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласын көріктендіру ережесі бекітілсін.
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы XXII сессиясының "Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы" N 234 шешімінің (Қарағанды облысы Әділет департаменті Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2005 жылғы 8 қарашада 8-6-11 нөмірімен тіркелді және "Шарайна" газетінің 2005 жылғы 9 қарашадағы 129 (1233) нөмірінде ресми жарияланды), Сәтбаев қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы XXXV сессиясының мемлекеттік тілдегі "Сәтбаев қаласының және оның маңындағы елді мекендердің аумақтарын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 26 қазандағы XXII сессиясының N 234 шешіміне толықтырулар енгізу туралы", орыс тілдегі "О внесении дополнений в решение ХХІІ сессии городского маслихата от 26 октября 2005 года N 234 "Об утверждении Правил благоустройства, содержания территорий и объектов производственной, социальной инфраструктуры города Сатпаев и прилегающих населенных пунктов" N 383 шешімінің (Қарағанды облысы Әділет департаменті Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 15 қаңтарда 8-6-40 нөмірімен тіркелді және "Шарайна" газетінің 2007 жылғы 19 қаңтардағы 7 (1415) нөмірінде ресми жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Цой Владимир Леонидович) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Юстус
Қалалық
мәслихат хатшысы С. Имамбай
Келісілді:
"Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автокөлік жолдары бөлімі" ММ
бастығының м.а. С. Оразбаев
2010 жыл 23 желтоқсан
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
ХХХІ сессиясының N 388 шешімімен
бекітілген
Сәтбаев қаласын көріктендіру ережесі
Ережелер көріктендіру саласында бірыңғай және орындалуы міндетті нормалар мен талаптарды белгілейді, Сәтбаев қаласының аумағындағы жер учаскелерінің, ғимараттардың, құрылыстардың иелері және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшін қала аумағын тазалау және күтіп ұстау тәртібін анықтайды.
Ережелер "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі N 555 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Аумақты көріктендіру және санитарлық күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қала әкіміне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары мәселелерін қарастыратын Сәтбаев қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелеріне, кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің коммерциялық емес бірлестіктері, қаланың өзін-өзі басқару органдарына, ғимараттар, құрылыстар, жер учаскелері иелерінің және (немесе) жер пайдаланушыларға жүктеледі.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алаңның жаяужол бөлігі – жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған алаң кеңістігі және учаскелер, алаңның барлық аумағы (өкілдік және мемориалдық) немесе оның бөлігі (объект маңындағы) арқылы көрсетілуі мүмкін;
2) аумақты санитарлық тазалау – қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қоқыстарды жинау, шығару және қайта өңдеу (зарарсыздандыру);
3) бекітілген аумақ – субъектілердің келісімі бойынша қаланы көріктендіру және санитарлық күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру кезінде Сәтбаев қаласы әкімімен берілетін көріктендіру, жинау және аумақтарды күтіп ұстау паспортында көрсетілген бөлінген және іргелес орналасқан аумақтар бөлігі (аумақты көріктендіру паспортының формасы осы Ережелерге қоса ұсынылады);
1) қала аумағында бекітілген нысандар болып табылатындар:
қала көшелері жағындағы бөлінген учаскелер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;
кварталішілік аумақ учаскелері;
ауланың ішкі аумағы – шағын сәулет түрлерін, балаларға арналған, кір жаятын, қоқыс жәшіктері орналасқан алаңшаларды, автокөлік тұрақтарын, декоративтік құрылыстарды, үйге кіреберіс жолдарды, аулаға кіреберіс жолдарды орнату үшін пайдаланылатын жерлер (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекітілген аймақ шекаралары пайдаланылатын аумақ шекараларына сәйкес, немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленеді);
сақтауға және жинақтауға уақытша пайдаланылатын аумақ;
инженерлік желілердің қорғалатын аймақтарының аумағы.
2) жеке, заңды тұлғалар бекітілген аумақтың субъектілері болып табылады:
кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің коммерциялық емес ұйымдары;
ғимараттар мен құрылыстардың иелері және (немесе) пайдаланушылары;
жер учаскелерінің иелері және (немесе) пайдаланушылары.
4) бөлінген аумақ – заңнамаларда қарастырылған құқықтар бойынша жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), ауданы, шекарасы, жер жағдайы бар құқықтық дәрежедегі және басқа мінездемелері қала құрылысы құжаттарында және мемлекеттік жер кадастырында сипатталған қала аумағының бөлігі;
5) ғимараттың қасбеті – ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы жағы;
6) жасыл көшеттер – жасанды және табиғи ағаш, ағаш-бұта, бұта және шөп өсімдіктері;
7) жаяужол аймақтары – серуен және мәдени-тұрмыстық, транзиттік қозғалыс мақсатында халықтың қозғалысы жүзеге асырылатын және белгілі бір сипаттамалары: жылдам көшеден тыс және жер үсті қоғамдық көлік аялдамаларының болуы, қызмет көрсету, тарих және мәдениет ескерткіштері, демалыс объектілерінің көп шоғырлануы және жаяу жүргіншілер ағынының жоғары жиынтық жиілігі бар қала аумағының учаскелері. Жаяужол аймақтары эспланадтарда, жаяужол көшелерінде, қала алаңдарының жаяужол бөліктерінде құрылуы мүмкін;
8) жер учаскесінің иесі және (немесе) пайдаланушысы – қала шегінде жер учаскесін пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлға;
9) жолдарды күтіп ұстау – кешенді жұмыстар, нәтижесінде жолдың, жол құрылыстарының, жолға бөлінген белдеулердің, жолды жайластыру элементтерінің көліктік-пайдалану жағдайын қолдау, қозғалыс қауіпсіздігі және ұйымдастыру;
10) көгал – шөптер, гүлдер, ағаштар мен бұталарды көшеттеуді қамтитын көріктендірудің жасанды құрылған элементі;
11) көріктендіру – жер үстін жабу құралдарын, декоративтік көгалдандыру және суландыру, күрделі емес құрылыстар, шағын сәулет түрлері, сыртқы жарықтандыру, көрнекі ақпарат, жарнама және басқа да құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын қалалық ортаның қауіпсіздігін, ыңғайлылығын және көркем мәнерлілігін қамтамасыз етуге бағытталған заңды және жеке тұлғалардың бөлінген аумақ шекарасындағы қызметі. Осы қызмет аумақты жинастыруды, көріктендіру нысандары мен элементтерін пайдалану, санитарлық ұстау, жөндеу және қорғауды ұйымдастыруды көздейді;
12) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) – тұтынудың тұрмыстық қалдықтары, өндіріс немесе тұтыну барысында пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнім, басқа да бұйымдар немесе өнімдердің қалдықтары, сондай-ақ жапырақтар, бұтақшалар және сыпырындыдан басқа өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);
13) ҚТҚ және ірі көлемді қоқыстарды қайта өңдеу (зарарсыздандыру) – адамның денсаулығы және қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмау мақсатында мамандандырылған қондырғыларда әр түрлі технологиялық әдістер арқылы ҚТҚ және ірі көлемді қоқыстарды өңдеу;
14) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да ықшамаудандар, кварталдар ішіндегі қалалық құрылыс нысандарына көлік құралдарының өтуін қамтамасыз ететін жол элементі;
15) пайдаланушы – меншік иесі өзінің мүлкін жалдау, жалға алу, шаруашылық жүргізу, жедел басқару және (немесе) заңнамамен немесе шартпен қарастырылған басқа да негіздерде тапсырған тұлға;
16) рекреациялық аймақтар – халықтың демалыс орындарын ұйымдастыру мен жайғастыруға арналған және бақтарды, орманды парктерді, парктер мен саябақтарды, хайуанаттар парктерін, су тоғандарын, жағажайларды, аквапарктерді, ландшафтық сәулет объектілерін, өзге де демалыс және туризм орындарын, сондай-ақ бос уақытты өткізу және (немесе) сауықтыру мақсатындағы үйлер мен ғимараттар орындары;
17) рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі – өндіріс және тұтыну қалдықтарының оларды өздігінен (рұқсат етілмей) тастау (орналастыру) немесе жинау нәтижесінде қалдықтардың жиналуы;
18) сұйық тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – СТҚ) – лас сулар және жуындылар;
19) сыртқы жарнама және ақпарат құралдары – сыртқы жарнама және ақпаратты тасымалдауға арналған құрылымдар, құрылыстар, техникалық құралдар, көркем элементтер және тасымалдағыштар;
20) сыртқы (көрнекі) жарнама – жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;
21) сыртқы көріктендіру нысандары – кешенді көріктендіру қызметі жүзеге асырылатын қаланың кез келген аумағы: алаңшалар, аулалар, кварталдар, функционалдық-жоспарлық құрылымдар, аудандар мен ықшамаудандардың аумақтары, тұтас қала, сондай-ақ бірыңғай қала құрылыстық регламенттеу (қорғалатын аймақтар) немесе көрнекі-кеңістіктік қабылдау (құрылысы бар алаң, іргелес аумағы және құрылысы бар көше) принципі бойынша бөлінетін аумақтар;
22) тротуар – жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі;
23) шағын сәулеттік түрлер – декоративтік сипаттағы және пайдалануға жарамды сипаттағы нысандар: мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, шатырлар, орындықтар, жәшіктер, балалардың ойнауына және ересек адамдардың демалуына арналған жабдықтар мен құрылымдар. Шағын сәулеттік түрлерге сонымен қоса: қоғамдық кеңістіктер, демалыс орындары және аулалар аумағында орналасқан демалуға арналған орындықтардың; жазғы кафе, үстел ойындарына арналған алаңшаларда – орындықтар мен үстелдердің әр түрі жатады;
24) іргелес аумақ – көріктендіру паспорттарына сәйкес бекітілген жеке және заңды тұлғалардың меншігінде және (немесе) пайдалануындағы сауда, жарнама және басқа нысандарға, ғимарат, құрылыс, құрылыс алаңының қоршауы периметріне және (немесе) жер учаскесінің шекарасына тікелей жанасатын жалпы пайдаланудағы аумақ;
25) ірі көлемді қоқыстар (бұдан әрі – ІКҚ) – өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын машиналармен тасымалдауға келмейтін қолданыстың және шаруашылық қызметінің қалдықтары;
26) аумақты көріктендіру паспорты – Сәтбаев қаласы әкімімен қаланы көріктендіру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру кезінде бекітілген аумақ субъектілерінің келісімімен берілетін құжат.
2. Жалпы талаптар
2. Заңды және жеке тұлғалар және барлық меншік түріндегі тұлғалар бөлінген және белгіленген аумақ шегінде сәулет, санитарлық, экологиялық талаптарға сәйкес өз қаражаттары есебінен тазарту, қажетті жайластыру, сондай-ақ көріктендіру нысандары мен элементерін күту, күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
3. Коммуникацияның барлық түрлеріне қызмет көрсететін шаруашылық субъектілері тиісті коммуникацияларды күтіп ұстауы және уақтылы жөндеуі, жөндеуден кейін бүлінген жабындар мен элементтерді қалпына келтіруі қажет.
4. Заңды және жеке тұлғалар инженерлік коммуникацияларды төсеу, жөндеу және қайта құруға байланысты жұмыстарды жол жабындарын, тротуарлар, көгалдар және басқа да нысандар, көріктендіру элементтері мен инженерлік құрылымдарды бүлдіру жолымен тек Сәтбаев қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынышты тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласында уәкілетті органы берген жазбаша рұқсаты (ордері) болған кезде ғана жүргізе алады. Ордер талаптарын орындамаған жағдайда Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласында Сәтбаев қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынышты уәкілетті органға сот талабымен ордер талаптарын орындауға және қажет болғанда келтірілген зардаптарды өтеп еріксіз көндіру шаралары қолданылады.
5. Заңды және жеке тұлғалар асфальт жабынын бүлдірумен байланысты жер жұмыстарын аяқтаған соң бес тәулік ішінде жол жабынын қалпына келтіруі қажет.
6. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар қаланың автожолдарында орналасқан жарамсыз люктерді, нөсерлік кәріз торларын ауыстыру бойынша, сондай-ақ мүгедектер арбаларының, балалар арбаларының өтуі үшін және жаяу жүргіншілер қолайлылығы үшін жол өтетін жерлерде жаяу жүргіншілер тротуарларынан түсетін жолдарды жайғастыру шараларын қабылдау қажет.
7. Қала аумағында жол берілмейді:
1) көшелер мен (немесе) көлік өтетін бөлікті ластауды болдырмайтын қандай да бір жүк түрлерін оларды мұқият жабусыз көлік құралдарымен тасымалдауға;
2) нысан иесі және (немесе) пайдаланушының келісімінсіз және (немесе) осы мақсаттарға бөлінген жерлерден тыс жерлерде, сонымен қоса Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған белгіленген тәртіпте алынған рұқсатнамалар немесе келісімдерсіз хабарландыруларды, плакаттарды, үндеухаттарды, түрлі ақпараттық материалдарды орналастыруға, жазулар мен графикалық бейнелерді салуға;
3) автокөлік жолдарының жүру бөлігіне қоқыс, қозғалысқа қауіп келтіретін заттарды тастауға;
4) ғимараттардың, құрылыстардың және тұрғын үйлердің терезелерінен қоқыс лақтыруға;
5) аумақты тазалау немесе апатты жағдайларды жою бойынша жұмыстардан басқа сағат 23.00 бастап сағат 6.00 дейін тыныштық пен тәртіпті бұзатын әрекеттерді жасауға;
6) аулалық және кварталішілік аумақтардың жасыл аймақтарына, балаларға арналған алаңшаларға, жаяужолдарға және тротуарларға қызметтік және жеке автокөлікті қоюға, енгізуге;
7) арнайы бөлінген және тиісті жол белгілерімен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс белгіленбеген орындарда көлік құралдарын қоюға, жууға және орналастыруға;
8) көгалдарда, гүлзарларда, балаларға арналған алаңшаларда, кір жаятын алаңшаларда және қоқыс жәшіктері орналасқан алаңшаларға, ғимараттардың аркаларына және скверлеріне түрлі мақсаттағы нысандарды орналастыруға, сонымен қоса автокөлік құралдарын қоюға;
9) тұрақ үшін арнайы бөлінген орындардан басқа тұратын жеріне қарамастан бөлшектенген көлік тұрағы, арнайы автокөліктің өтуіне кедергі келтіретін аула аумақтарының өтпежолдарында баған, блок және басқа да аумақ қоршауларын тұрғызуға және орнатуға.
8. Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болатын өндіріс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау осы кәсіпорындардың күшімен осы мақсаттарға арнайы жабдықталған орындарда белгіленген тәртіпте бекітілген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру лимиттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорын аумағында арнайы белгіленген орындардан тыс қалдықтарды жинау және оларды орналастыру лимиттерін асыруға жол берілмейді.
Өсімдік және басқа да топырақты уақытша жинау тек арнайы бөлінген учаскелерде ғана рұқсат етіледі.
3. Қала аумағын тазалау және тазартуды ұйымдастыру, тазалауға қойылатын негізгі талаптар мен түрлері
9. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғалатын аймақ аумақтарын тазалауды осындай кәсіпорындардың иелері және (немесе) пайдаланушылары жүзеге асырады.
10. Меншік нысанына тәуелсіз заңды және жеке тұлғалар осы Ережелерге және көріктендіру паспорттарына сәйкес белгіленген аумақ шекарасында тазалау, суару, тротуарларға құм себу, қар және қоқыс шығару, суағарлар және сорғыларды тазарту жұмыстарын орындауы қажет.
11. Қаланы ағымдағы санитарлық күтіп ұстау және тазалау зарарсыздандыру орындары бар қоқыс шығаруға мамандандырылған кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады және келесі шараларды қамтамасыз етуді көздейді:
1) қала аумағында қоқыстарды, қалдықтарды жинау және оларды уақтылы шығаруды ұйымдастыру;
2) қаланың тиісті санитарлық жайластыру жағдайы: тұтыну қалдықтарын жинауға арналған алаңшаларды жоспарлы-тұрақты, ағымдағы тазарту, қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктері (оларды жинау тікелей арнайы автокөлік арқылы ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда) болуы, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін ортақ пайдаланудағы орындарға орнату;
3) қала аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде – қарды жинау және шығару, көшелердің өтпе жолдарын және жаяу жүргіншілер тротуарларын тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыну қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды, арналарды, науаларды, нөсерлік кәріздерді және су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;
4) санитарлық қорғалатын аймақтардың нормативтік шегінде жүйелі түрде аумақты күтіп ұстау бойынша жұмыстары.
12. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалау жүйесі тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау, жою, зарарсыздандыру және қайта өңдеуді қамтуы қажет.
13. Жаңадан құрылыс салынатын учаскелерде ғимаратты пайдалануға енгізетін кезде тазалау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
14. Ғимараттар мен құрылыстардың, жеке тұрғын құрылыстардың иелері және (немесе) пайдаланушылары тұрмыстық қалдықтарды шығаруға уақтылы шарт жасауға тиіс.
Кондоминиум нысандарын басқару мақсатында құрылған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерінің коммерциялық емес бірлестіктері тиіс:
1) қоқыс жинағыштар астына алаңшаларды жабдықтауы;
2) азық-түліктік қалдықтарды, көшелік және аулалық қоқыстарды жинауға арналған құрал-саймандармен аула сыпырушыларды қамтамасыз етуі;
3) қоқыс қабылдаушы камераларды, алаңшаларды, сондай-ақ қалдық жинаушы орындарды жүйелі жуу, зарарсыздандыру және дезинсекциялауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы қажет.
15. Аумақты тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындар тұрғын үйлердің, ұйымдардың, мекемелердің аумағынан қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды уақтылы (шарттарға сәйкес) шығаруы қажет.
4. Аумақтарды күзгі-қысқы кезеңде тазалау
16. Күзгі-қысқы жинау кезеңі 1 қарашадан бастап 1 сәуірге дейін белгіленеді. Ауа райының күрт өзгеруі жағдайында (қар, аяз) күзгі-қысқы жинауды бастау және аяқтау мерзімін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі үйлестіреді.
17. Жапырақ түсетін кезеңде түскен жапырақтарды уақтылы жинау қажет. Жиналған жапырақтар көріктендіру бойынша кәсіпорындармен арнайы бөлінген учаскелерге немесе компосттау алаңдарына шығарылуы тиіс.
Тұрғын құрылыс аумағында, скверлер мен саябақтарда, ҚТҚ үшін контейнерлерде жапырақтарды өртеуге жол берілмейді.
Жапырақтарды ағаштар мен бұталардың тамыр бөлігіне жинауға, сондай-ақ оларды қоқыс жинайтын алаңшаларда және қоқыс жинайтын контейнерлерде жинақтауға жол берілмейді.
18. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер және шағын сәулет формаларының элементтері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі кеңістік, оларға кіреберіс жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
19. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы, аллеялардағы жолдарды тазалау кезінде жасыл желектердің жойылмауын және еріген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, жинауға рұқсат беріледі.
20. Инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған тротуарлар мен жолдың жүру бөлігіндегі мұзды желі иелері және (немесе) пайдаланушылары уатып жинайды.
21. Жол берілмейді:
1) магистральдің, көшелердің жүру бөлігіне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға кварталішілік өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;
2) тротуарларда, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көліктерге отыру алаңдарында, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жолдар мен көгалдандырылған аймақтарында көктайғаққа қарсы реагент ретінде сұйық хлорлы кальций пайдалануға;
3) көгалдарға, гүлзарларға, бұталар және жасыл көшеттерге лас және тұз араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйінділерін роторлық лақтыруға және орнын ауыстыруға.
22. Қалалық метеорологиялық қызметтерден күні бұрын жалпы тайғақ болатыны туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпірлердің жүру бөлігін өңдеу жұмыстары қар жаумай тұрып жүргізіледі.
23. Жолдың шетінде қар үйінділері қалыптасқан жағдайда тротуарлар мен көгалдарға қардың орнын ауыстыруға жол берілмейді.
24. Аулаларға кіреберіс, шығу жолдары, кварталішілік жолдар жүру бөлігінің шетінен бастап механикалық күреу мен сыпырудан кейін бірінші кезекте тазартылуы тиіс.
25. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларындағы, жер үстілік жаяу өтпе жолдардағы, көпірлердегі және жол өткелдеріндегі, көпшілік баратын орындардағы (ірі әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар), ауруханалардың аумағына және басқа әлеуметтік маңызды нысандардың кіреберіс жолдардағы бірінші кезекте (таңдаулы) қарды шығару қар жауғаннан кейін 48 сағат ішінде жүзеге асырылады;
2) соңғы (жаппай) қарды шығару бірінші кезекті шығару аяқталғаннан кейін кезекпен, тапсырыс беруші анықтаған кезектілікке сәйкес шығарылады.
Қар үю орындарын тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласында уәкілетті органы белгілейді.
26. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, абаттандырылуы тиіс.
27. Тротуарлар, аула аумақтары және өтпе жолдар қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы қажет. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған жағдайда құм немесе ұсақ қиыршық таспен өңдеу жүргізіледі.
28. Аулалар аумақтарынан және кварталішілік өтпе жолдардан тазаланған қарды автокөліктердің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасамайтын орындарға жинауға рұқсат етіледі.
29. Қар жинау кезінде жасыл көшеттерге зақым келтіруге жол берілмейді.
30. Аулаішілік аумақтарда қарды жинағанда еріген қар суының ағуын алдын ала қарастыру керек.
31. Қыс мезгілінде ғимарат, құрылыс иелері және (немесе) пайдаланушылары шатырларды мұздан және сүңгілерден уақытылы тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
32. Ғимараттың жаяу жүргіншілер аймағына шығатын жақтарындағы шатырын тазарту жұмыстары қар жауғаннан кейін жедел түрде қатерлі учаскелерге қоршау орнату арқылы жүргізілуі керек.
33. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздан жаяу жүргіншілер жолдарына түсіріп тазарту жұмыстары тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан қар ауланың ішкі аумағына түсірілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет.
Ғимараттардың (құрылыстардың және құрылғылардың) шатырларынан түскен қарлар, мұздар мен сүңгілер жедел түрде өтпе жолдың шет жағына қарай көшені тазалаушы ұйымдар шығаруы үшін орналастырылады.
34. Су ағар құбырларға қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
5. Аумақтарды көктем-жаз кезеңінде тазалау
35. Аула аумақтарын, аула ішіндегі өтпе жолдарды және тротуарларды қоқыстан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалау, оларды жуу, сондай-ақ күні бойы тазалықты сақтауды аумаққа бекітілген субъектілер қамтамасыз етеді.
36. Күрделі емес құрылыс нысандарының иелері және (немесе) пайдаланушылары (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қоймалық қосымша құрылыстар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) бекітілген аумақты санитарлық тазалау және тазарту бойынша келісім-шартқа отыруға немесе оны өз күшімен күн сайын жүргізуі тиіс.
37. Металды қоршаулар, жол белгілері және жол көрсеткіштері таза болуы тиіс.
38. Қалалық жолдардың бөлінген белдеуінде, көгал ретінде орналастырылған бөлу жолағында шөп төсемдерінің биіктігі 15 сантиметрден аспау керек. Әр түрлі қоқыстармен және қалдықтармен жолақты ластауға жол берілмейді.
6. Қасбеттерді, ғимарат пен құрылыстарды күтіп ұстау
39. Қаптаманың, сылақтың, фактуралық және боямалы қабаттардың бүлінуі, сылақтағы сызаттар, қаптама, кірпіш және шағын блок төсеменің жіктерінен ерітіндінің боялуы, тұтас жинамалы ғимараттардың жіктеріндегі герметикалық сылақтың бүлінуі, қабырғалардың шығыңқы бөліктеріндегі металл жабынның бүлінуі немесе тозуы, су ағар құбырлардың бүлінуі, дымқыл және тот басқан орындар, су аққан және тұздалған жерлер, жазықтықтың жалпы ластануы, парапеттердің бүлінуі және осыған ұқсас басқа да бүлінулер анықталуына байланысты, одан әрі дамуына жол берілмей, ғимарат, құрылыс иелері және (немесе) пайдаланушыларымен жойылуы қажет.
40. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында, басқа да пайдалануда тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттарда жеке үй-жайлар болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай аталған ғимараттардың қасбеттерін жөндеуге үлестік қатысады.
41. Ғимараттардың қасбеттерін, олардың жекелеген элементтеріне қалпына келтіру, жөндеу және қайта жасау жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуі қажет. Қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалар таза және дұрыс жағдайда болуы қажет.
42. Кіреберістер, цокол, сөрелер, маңдайшалар, сыртқы жарнама орналастыру құралдары ғимараттың және (немесе) құрылыстың иелері және (немесе) пайдаланушыларымен таза және дұрыс жағдайда ұсталуы қажет.
43. Жол берілмейді:
1) балкондар мен лоджияларды өздігінен қайта жабдықтауға, терезелер мен балкондардың сыртқы жағына гүлге арналған жәшіктерді орнатуға;
2) белгіленген тәртіпте берілген рұқсатсыз ғимараттардың қасбеттерін, олардың құрылымдық элементтерін өздігінен қайта жабдықтауға;
3) балкондарды қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кедергі келтіретін үй тұрмысына қатысты заттармен (жиһаз, бос сыйымдылықтар) толтыруға;
4) алдын ала сәулеттік бөліктерді қалпына келтірмей ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттеріне сырлау жұмыстарын жүргізуге;
5) табиғи немесе жасанды тастармен қапталған қасбеттерді сырлауға.
44. Қабырғаға бекітілген барлық болат элементтерді жүйелі түрде бояп, тот басудан сақтау қажет. Барлық құбырлардың қабырғалар мен фундамент арқылы өтетін орындарында ашық орындардың болуына жол берілмейді. Коммуникациялар арқылы өтетін көпіршелер ғимарат, құрылыс иелері және (немесе) пайдаланушыларымен дұрыс және таза күйде болуы қажет.
45. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылыстардың иелері және (немесе) пайдаланушылары көрсетілген объектілердің қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуге тиісті.
46. Дүкендер мен офистердің қала көшелері жағына шығатын сөрелері жарықпен безендірілуі тиіс.
47. Ғимараттар мен құрылыстардың түстік шешімі, сондай-ақ олардың қасбеттері құрылысты есепке ала отырып, бірыңғай түстік реңкте орындалуы қажет.
48. Құрылыс иелері және (немесе) пайдаланушылар көшеге, жағалауға және қоғамдық орындарға шығатын ғимарат қасбеттерін мерекелік келісімсіз безендіруге құқылы.
7. Тұрғын мақсаттағы аумақты көріктендіру
49. Тұрғын ғимаратқа жанасатын аумақ абаттандырылуы, көгалдандырылуы, жарықтандырылуы, қоршалуы және аймақтандырылуы қажет, кіреберіс жолдары және жаяу жолдардың қатты жабыны болуы қажет.
50. Нысандардың құрылыстан және жолдардан бос аумағы абаттандырылуы және көгалдандырылуы қажет.
51. Ортақ пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтар абаттандырылуы және шағын сәулет түрлерімен: субұрқақтар және қауыздар, сатылар, пандустар, тірек қабырғаларымен, шатырлармен, шамдармен жабдықталуы қажет. Шамдардың саны аумақты жарықтандыру нормалары бойынша анықталуы қажет.
52. Тұрғын кварталдар, ықшамаудандар аумақтарында, сондай-ақ үй маңындағы аумақта келесі тәртіп сақтау қажет:
1) көпірше, тротуарлар, жаяужол, кварталішілік өтпе жолдар мен жолдарды дұрыс қалпында ұстау;
2) аулаларда түрлі шаруашылық және қосалқы құрылыстарды (гараждар, сарайлар, қоймалар) өздігінен салуға және коммуникацияларды (антенналар, электр, телефон кабелдерін) өздігінен орнатуға жол бермеу;
3) үй маңындағы аумақтарға құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;
4) баланстағы (шаруашылық жүргізудегі немесе жедел және (немесе) басқа басқарудағы) инженерлік желілерді дұрыс жағдайда ұстау, құдықтарды уақтылы қарау және тазалау;
5) шағын сәулет түрлерін, спортқа, ойынға, балаларға арналған алаңшаларының және шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен шарбақтарды дұрыс жағдайда ұстау, олардың сыртқы түрін таза ұстау.
8. Қала аумағын жарықтандыру
53. Қала аумағын жарықтандыру пайдаланушы ұйымдармен ұсталып, сыртқы жарықтандыру қондырғыларымен (бұдан әрі – СЖҚ) қамтамасыз етіледі, оларға мыналар:
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желілер;
2) электр желілерін қорғау және жерлендіру құрылғысы;
3) басқару құрылғылары;
4) кронштейндер, тростық аспа тіректері жатады.
54. СЖҚ күтіп ұстау және қызмет көрсету келесі шараларды қамтиды:
1) шамдарды тазалау, жарық түсіру деңгейін өлшеу, шамдарды ауыстыру және шамдардағы істен шыққан шашыратқыштарды ауыстыруды қоса есептегенде, ондағы сандық және сапалық көрсеткіштер берілген параметрге сәйкес келуімен СЖҚ техникалық дұрыс жағдайда ұстау;
2) СЖҚ жұмысының регламенттелген тәртібін қамтамасыз ету, кесте бойынша уақтылы қосу және сөндіруді бақылау, жанбайтын шамдарды, ақауларды анықтау, оларды жедел жою.
55. Металды тіректер, кронштейндер және СЖҚ элементтері жабу жағдайына қарай боялады.
56. Жарықтандыру тіректерінде, инженерлік желілерде олардың иелерімен және (немесе) пайдаланушыларымен келісімсіз жарнамалық қалқандар орнатуға жол берілмейді.
57. Кесте бойынша көшелердің, жолдардың, алаңдардың жаяужол бөліктерінің, жағалаулардың және жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі – таңертең 10 люкске дейін беріледі.
58. Көшелердегі жанбайтын шамдар 10 % аспауы қажет, алайда істен шыққан шамдардың бірінен кейін бірі қатар орналасуына жол берілмейді.
59. Металды бағаналар, кронштейндер мен сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті қызметтер оны анықтағаннан кейін 24 сағаттың ішінде ауыстыруы тиіс.
60. Жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлаған бағаналарын негізгі магистральдарда кешіктірілмей бағана иесі және (немесе) пайдаланушы шығарады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бұзылған бағаналар – 12 сағат ішінде шығарылады.
9. Ортақ пайдаланудағы, рекреациялық мақсаттағы аумақтарды көріктендіру
61. Саябақтар, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, соның ішінде оларда орналасқан тротуарлар, жаяужол аймақтары, сатылық құрылымдарды қамтитын ортақ пайдалану аумақтарын тазалауды осы нысандар қызмет көрсетуде және пайдалануда тұрған ұйымдар мен бекітілген аумақ субъектілері жүзеге асырады.
62. Ландшафт-демалу аумақтарының шегіндегі алаңшалардың, жол-соқпақ жүйелерінің жабыны тақташалардан, ұсақ тастан және басқа да берік минералды материалдардан, сирек жағдайларда асфальт жабынын қолдануға жол бере отырып, қолданылуы қажет.
63. Тоғандар мен басқа да су қоймаларының жағажай жолақтары абаттандырылуы қажет. Су қоймаларының сыртқы сулармен ластануына жол бермейтін шараларды қарастыру қажет.
64. Алаңдарда, саябақтарда, скверлерде, демалыс аймақтарында, халық көп баратын жерлерде, көшелерде, тұрғын үйлердің әрбір кіреберісінің алдында, әкімшілік, қызметтік ғимараттар, сауда нысандарындағы кіреберісте, қоғамдық көлік күту аялдамаларында қоқыс салатын жәшіктер орналасуы қажет.
65. Қоқыс салатын жәшіктер олардың толуына қарай, бірақ күніне бір реттен аз емес мөлшерде тазартылады. Қоқыс салатын жәшіктер олардың ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен аз емес мөлшерде жуылады. Қоғамдық көлік күту аялдамаларында орналасқан қоқыс салатын жәшіктерді аялдаманы тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар жуып, тазалайды, ал басқа нысандар маңында орналасқан қоқыс салатын жәшіктерді көрсетілген нысандардың иелері және (немесе) пайдаланушылары жуып, тазалайды.
Қоқыс салатын жәшіктерді бояуды иелері және (немесе) пайдаланушылары жылына бір рет (сәуір), сондай-ақ қажеттілігіне қарай немесе тиісті қызметтердің ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.
66. Көшелер, алаңдар, жағажайлар, саябақтар, скверлер мен аулаларды ластауға жол берілмейді.
67. Адамдардың суға түсуіне арналған орындарда кір жууға және жануарларды жуындыруға жол берілмейді.
68. Саябақтардың қоқыс жинағыштарды орнату үшін арналған учаскелері бар шаруашылық аймағы демалушылардың көп жиналатын орындардан (билеу алаңдары, эстрада, субұрқақтар, басты аллеялар, ойын-сауық павильондары) 50 метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы қажет.
69. Қоқыс салатын жәшіктердің санын саябақтың 800 м2 ауданына бір жәшік есебінен анықтау қажет. Басты аллеяларда қоқыс салатын жәшіктердің арақашықтығы 40 метрден аспауы қажет. Әрбір дүкеншенің, дүңгіршектің алдында қоқыс салатын жәшік орнату қажет.
70. Демалушылар көп жиналатын орындардан алыс орналасқан жерлерде қалдықтарды жинау ыңғайлылығы үшін қалдықтар мен қоқысты уақытша сақтауға арналған аралық жинағыштар орнатылуы керек.
71. Шаруашылық алаңшалары үшін контейнерлер саны 3 күндік қалдықтардың орташа жиынтығы есебінен анықталуы қажет.
72. Декоративтік су қоймалары бедер қолданумен немесе тегіс жазықтықта көгалмен, тақташа жабынмен, гүлзарлармен, ағаш-бұта көшеттерімен қоса орналастырылады. Су қоймасының түбін тазалау үшін ыңғайлы болатындай жазық жасау қажет. Түс және жарықпен ресімдеу әдістерін қолдану ұсынылады.
10. Қаланы көркем және жарнамалық безендіру, шағын сәулет түрлері
73. Жарық жарнама қала кеңістігінде жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерін бағдарлауға көмек көрсетуі және жарық құрылымдық міндеттерді шешуге қатысуы қажет. Осындай ақпаратты орналастыру, көлемі, түрі және жарық түстік параметрлері есептік қашықтықтан анық көрінуі және нақты түстік ансамбльге үйлесімді сәйкес келуі, жол қозғалысы ережелеріне қайшы келмеуі, халықтың мекендеу қолайлылығына кедергі келтірмеуі қажет.
74. Сыртқы жарнама және ақпарат құралдары таза болуы және белгіленген тәртіпте орналасуы қажет.
75. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының өндірісіне және ресімдеуге пайдаланылатын материалдар сапа, қауіпсіздік және экологияның, ізгілік және моральдің заманауи талаптарына сәйкес келуі және аймақтың табиғи-климаттық жағдайларына, экологиялық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына сәйкес болуы қажет.
76. Жеке тұрған сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын монтаждау (демонтаждау) кезінде құрылымның іргетасы жер деңгейінде немесе одан төмен деңгейде орналастырылуы қажет. Жақын маңдағы аумақ монтаждаудан (демонтаждау) кейін абаттандырылуы қажет.
77. Сыртқы (көрнекі) жарнама және ақпарат нысандарының құрылымы тәуліктің қараңғы уақытында жарнамалық-ақпараттық алаңның жарық көзімен жарықтандырылуын қарастыру қажет. Бұларға жарықтандыру техникалық жағынан қиындық келтіретін немесе бастапқыда сәулет жобасымен қарастырылмаған сыртқы (көрнекі) жарнама және ақпарат құралдары (керме-транспаранттар, жалау құрылымдары, маркиздер, қызмет көрсетуге арналған жол белгілері және жарық шағылысатын жабыны бар бағыттық бағдарлау белгілері, жеке тұрған үлкен емес ғимараттар мен құрылыстарда және тұрғын ғимараттардың тұрғын емес нысандарында орналастырылған ақпарат) жатпауы мүмкін.
78. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының инженерлік-техникалық шешімі нысан бекітілетін ғимараттар мен құрылыстар элементтерінің тірек мүмкіндігін есепке алуы, соның нәтижесінде олардың пайдаланушылық сапасының жоғалуына жол бермеуі қажет.
79. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын күтіп ұстау, соның ішінде оған жанасатын аумақты бес метр радиуста тазалауды сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының иелері жүзеге асыруы қажет.
80. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының құрамдас бөліктері – іргетасы, "тұғыры" тиесілі эстетикалық түрде болуы қажет. Іргетасы сырлануы (боялуы) қажет, бетон негізі түскен жағдайда "қалпына келтірілуі" қажет. "Тұғыр" таза, боялған және қағаз жарнамалық тасымалдаушылардан тазартылған болуы қажет.
81. Тұрақты сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын бір немесе одан да көп жақтарында ақпараттық хабарлама (жарнама) болмай пайдалануға жол берілмейді. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының түсі кеткен, жыртылған ақпараттық тасымалдаушылар, сондай-ақ тақырыбы ескірген, соның ішінде әлеуметтік сипаттағы ақпараттық тасымалдаушыларды ауыстыру қажет. Көрсетілген іс-шаралар сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының иесі есебінен жүзеге асырылады.
82. Жарық жарнамаларды және маңдайшаларды пайдаланатын кәсіпорындар оларды күн сайын қараңғы түскен кезде қосуы және жанып кеткен газ жарық түтіктерді және электр шамдарын уақтылы ауыстырулары қажет.
83. Жарық жарнамалардың немесе маңдайшалардың жеке белгілерінің жарамсыз жағдайында жарнаманы немесе маңдайшаны сөндіру қажет.
84. Жарнамалық құрылымдарды монтаждаудан (демонтаждау) кейін жарнама таратушы аумақты немесе орналастыру объектілерін 7 күннен аспайтын мерзімде көріктендіруді қалпына келтіру қажет.
85. Жол берілмейді:
1) көгалдарға автокөлікті қойып жарнамалық құрылымдардан бейнелерді (плакаттарды) ауыстыруға;
2) жеке меншік иесінің және (немесе) баланс ұстаушының келісімісіз әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, қоршауларға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және орнатуға.
86. Бөлінген белдеу шекарасында орналастырылатын көрнекі жарнама, басқа да ақпараттық белгілер және көрсеткіштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуы және орналастырылуы қажет.
87. Тұрғын құрылыс аумақтары, қоғамдық аймақтар, скверлер, көшелер, бақтар, демалыс алаңшалары шағын сәулет нысандарымен – шатыр, көлеңкелі бастырма, гүлзарлар, сәкілер, қоқыс салатын жәшіктер, субұрқақтар, балалар ойынына, ересектердің демалысына арналған құрылғылар, газет стендтері, қоршаулар, телефон будкалары (бастырмалар), автокөлікті күту павильондарымен жабдықталады.
88. Қоршаулар, дуалдар салу және орнатуды келесі талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асыруға болады:
1) кірпіш, бетон (жабық) дуалдармен тек қана өндірістік кәсіпорындарды, арнайы мекемелерді, режимдік объектілерді қоршауға рұқсат етіледі;
2) биіктігі 2 метрге дейін металл дуал (декоративтік, ашық) немесе жасыл (көшет) қоршау салу көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін, коттедждік қалашықтарды және жеке тұрғын үйлерді қоршау үшін рұқсат етіледі;
3) биіктігі екі метрден жоғары металл дуалдармен (ашық) оқу орындарын, балаларды тәрбиелеу және емдеу мекемелерін, базарларды, мамандандырылған мекемелерді қоршау үшін рұқсат етіледі;
4) биіктігі 0,7 метрге дейін жасыл (көшет) қоршаумен коттедждік қалашықтағы жеке тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды, банк мекемелерін, сауық және демалыс орталықтарын және басқа объектілерді (бөлінген аумағының шекарасында) қоршау үшін салуға болады.
89. Шағын сәулет түрлері тұрақты және мобильді болуы мүмкін, олардың саны және орналасуы аумақтарды көріктендіру паспорттарымен белгіленеді.
90. Жаңа құрылыс кезінде құрылыс салынатын учаске шегінде шағын сәулет түрлерін жобалау, әзірлеу және орнатуды тапсырыс беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.
91. Заңды және жеке тұлғалар – шағын сәулет түрлерінің иелері және (немесе) пайдаланушылары өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояуға тиіс.
92. Қала аумағында шағын сәулет түрлерін орнату және күтіп ұстау келесі талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады:
сыртқы көріктендірудің барлық элементтері, соның ішінде ғимараттардың қасбетін өңдеу бекітілген жобаға және өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес орындалуы қажет.
93. Шағын сәулет түрлерінің сындарлы шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамсыздандыруы тиіс.
94. Мобильдік және тікелей көгалдандырумен безендіру үшін құрылғылардың келесі түрлері қолданылады:
1) трельяж және шпалер – шырмауық немесе тік өсетін өсімдіктерді көгалдандыру үшін торкөз түріндегі жеңіл ағаш немесе металл құрылымдар, жайлы демалыс бұрыштарын, күннен қорғаныш, алаңшаларды, техникалық құрылғылар мен құрылыстарды қоршау үшін пайдаланылуы мүмкін;
2) пергола – шатыр, галерея немесе бастырма үлгісіндегі ағаштан немесе металдан жасалған жеңіл торлы құрылым, "жасыл тоннель", алаңшалар немесе сәулет объектілері арасында өткел ретінде пайдаланылады;
3) гүлзарлар, құмыралар – гүл отырғызылатын топырағы бар шағын сыйымдылықтар.
95. Қоғамдық, тұрғын, рекреациялық мақсаттағы аумақтарда таксофондар орнату кезінде оларды электр жарығымен жарықтандыруды қарастыру қажет. Таксофондарды орналастыру орындарын телефон кәрізі арнасы (құбыр) және электр жарығымен жарықтандыру арнасы (құбыр) құрылғыларының қосылу орнына неғұрлым жақын жерге жобалау керек. Сонымен қоса, таксофондардың біреуінен кем емес мөлшерде (немесе әр қатардағы біреуі) тиын қабылдағыш тесігінің деңгейі жабын деңгейінен 1,3 метр биіктікте орналастыру қажет.
96. Пошта жәшігінің қабылдау тесігінің деңгейі жабын деңгейінен 1,3 метр биіктікте орналастыру ұсынылады.
11. Базарлардың аумағын күтіп ұстауға қойылатын талаптар
97. Базарды ұйымдастыру кезінде міндетті түрде өртке қарсы ережелер, сәулет, құрылыс, ветеринариялық, экологиялық және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да талаптар сақталуы қажет, базарлар аумақтары асфальттық жабынмен өңделуі керек.
98. Базар аумағында орналасқан құрылыстар қауіпсіздік, ветеринариялық, санитарлық, өртке қарсы ережелер және сәйкес профильдегі (үлгідегі) объектілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес болуы қажет.
99. Базар аумағында құрылыстар мен жабдықтарды орналастыру тұтынушылардың сауда орындарына еркін қол жетімділігін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және апатты немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
100. Базардың санитарлық жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелері бекіткен талаптарға сәйкес келуі тиіс.
101. Базар аумағында көрінетін жерлерге барлық қажетті объектілерді көрсете отырып, "Базар жоспары" орналастырылады: сауда қатарлары, анықтамалық бюро, зертханалар, сантораптар, бақылау таразылары, тәртіп сақтау органдарының бөлмесі.
102. Базардың аумағы сауда қатарларына нақты азық-түлік орындарына, бақылау таразыларына, автобус аялдамаларына, шығу есіктеріне бағыттайтын көрсеткіштермен жабдықталады.
12. Қалдықтар мен қоқыстарды жинау, сақтау, шығару және өңдеу
103. Жоспарлық-жүйелі тазалау қалдықтарды жоюды жүзеге асыратын ұйым және жеке және заңды тұлғалардың арасындағы келісім-кестелер бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
104. Қалдықтарды полигонға шығарған кезде автомашинаның әр рейсі полигон әкімшілігінің жол парағында белгіленуі қажет.
105. Қалдықтарды шығару 7 сағаттан ерте емес және 23 сағаттан кеш емес уақытта жүзеге асырылуы тиіс.
106. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды зарарсыздандыру қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келетін арнайы құрылыстарда (қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон, ассенизация алаңдары, жер жырту алаңдары, мал қорымдары, кәріз құрылымдарының жүйесі) жүргізілуі қажет.
107. Қалдықтарды осы мақсаттарға арналмаған басқа аумақтарға шығаруға, сонымен қоса ауыл шаруашылық даласында көмуге жол берілмейді.
108. Үй иеліктері, ұйымдар, мәдени-көпшілік мекемелердің аумақтарында, демалыс аймақтарында көлік өтуі үшін өтпе жолдары бар қоқыс және қалдық жинауға арналған контейнерлер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Алаңшаның су өтпейтін жабыны және үш жағынан бұталардан құралған тұтас қоршауы болуы қажет.
109. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңшалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, барлық түрдегі ұйымдардан, спорт алаңшаларынан және халықтың демалу орындарынан 25 метрден кем емес және 100 метрден артық емес қашықтықта орналасуы қажет. Алаңшалардың көлемі 5 контейнерден кем емес контейнер қоюға арналуы қажет. Контейнерлерден алаңшаның шетіне дейінгі арақашықтығы 1 метрден кем болмауы қажет.
110. Аула дәретханаларынан, контейнер алаңшаларынан, бекітілген арақашықтықты сақтау мүмкін болмайтын құрылысы салынған аудандарда осы арақашықтықты уәкілетті орган сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-пайдалану ұйымы қызметкерлерінің, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органы маманының қатысуларымен комиссия белгілейді.
111. Орнатылатын қоқыс жинағыштар (контейнерлер) санын анықтау үшін қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халық саны, қалдықтардың жиналу нормалары, оларды сақтау мерзімдерін есепке ала отырып анықталуы қажет. Қоқыс жинағыштардың есептік көлемі ең көп жиналатын кезеңдегі қалдықтардың нақты жиналу көлеміне сәйкес келуі қажет.
112. Қоқыс жинағыштарда (контейнерлерде) жылдың суық мезгілінде қалдықтарды сақтау мерзімі (Цельсий бойынша 0 және төмен градус температурада) үш тәуліктен артық болмауы, жылы кезеңде (плюс температурада) тәуліктен артық емес мерзімде шығарылуы қажет.
113. ҚТҚ жинау үшін жақсы жабдықталған тұрғын үй қорында стандартты контейнерлер (0,75 м3), жеке үй иеліктерінде қақпақтары бар түрлі сыйымдылықтағы құрылымдар (ағаш, металл және пластикалық) қолдану қажет.
114. Жаз уақытында металды контейнерлер арнайы орындарда 10 күнде бір реттен жиі емес (ауысымсыз жүйеде) және әр төгілген кезде (ауысымды жүйеде) жуылуы қажет.
115. Екінші реттік шикізаттарды (тоқыма, банкалар, шөлмектер) контейнерлерден, мамандандырылған көліктен таңдап алуға жол берілмейді.
116. Кәріз жүйесі жоқ үй иеліктерінде сұйық қалдықтарды жинау үшін су өтпейтін, қатты фракцияларды бөлу үшін торы және қақпағы бар жер бетіндегі бөлігімен шұңқырлар жабдықталуы қажет. Аулалық дәретханалар болған кезде шұңқыр ортақ болуы мүмкін.
117. Кәріз жүйесі жоқ аулалық және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балаларға арналған алаңшалар мен халықтың демалу орындарынан 25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.
118. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жағдайында аулалық дәретханалар құдықтар мен бұлақтардан 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.
119. Аулалық дәретханалардың жер бетіндегі бөлігі және шұңқыры болуы қажет. Жер бетіндегі үй-жай тығыз орналасқан материалдардан (тақтай, кірпіш, блоктар) құрылуы қажет. Шұңқыр су өтпейтін болуы қажет. Шұңқырдың тереңдігі жер асты суларының деңгейіне байланысты, бірақ 3 метрден артық болмауы қажет. Шұңқырды жер бетіне 0,35 метрге дейін ғана толтыруға жол беріледі. Шұңқыр толтырылуына қарай, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес мерзімде тазаланады.
120. Аулалық дәретханаларды тазалау күнделікті жүзеге асырылады. Аулалық дәретханалардың жер бетіндегі бөлігі кеміргіштер мен жәндіктерді өткізбейтіндей болуы қажет. Кәріз жүйесі жоқ аулалық дәретханалар және шұңқырлар 10 күнде бір рет зарарсыздандырылуы қажет.
13. Құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде көріктендіру талаптары
121. Құрылыстың барлық мерзімінде жүргізілетін жұмыстар қоршаған орта, аумақ, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылыс алаңшасына жанасатын аумақта тәртіп сақтау бойынша құрылыс саласындағы уәкілетті органның талаптарын орындауды қамтамасыз етуі қажет.
122. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталғанға дейін құрылыс алаңы және жұмыстардың қауіпті аймақтары қоршалуы қажет.
123. Алаңға кіреберісте нысанның, құрылыс салушының (тапсырыс берушінің), мердігердің (бас мердігердің) атауы, объект бойынша жауапты жұмыс өндірушісінің аты-жөні, лауазымы және телефоны көрсетіліп, ақпараттық қалқандар орнатылуы қажет.
124. Жауапты жұмыс өндірушісінің атауы және телефоны құрылыс алаңдарынан тыс орындардың қоршауындағы, мобильді ғимараттар мен құрылыстар, жабдықтардың ірі көлемді элементтері, кабель барабандары қалқандарда көрсетілуі тиіс.
125. Қажеттілік жағдайында жергілікті атқарушы органның талабы бойынша құрылыс алаңы қоқыс жинауға арналған бункерлер және жабдықтармен, сондай-ақ шығу орындарында көлік құралдарының дөңгелектерін тазалау пунктілерімен, ал желілік объектілерде – жергілікті атқарушы органдар көрсеткен орындарда жабдықталуы қажет.
126. Құрылыстың жоспарымен қарастырылған көшелерді жабу, көлік қозғалысын шектеу, қоғамдық көлік қозғалысын өзгерту бойынша шараларды жұмыстарды орындаушы жұмыс басталар алдында жол полициясымен және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласындағы уәкілетті органымен келісуі қажет. Шектеулерде қажеттілік аяқталғаннан кейін көрсетілген органдар хабарландырылуы қажет.
127. Құрылыс алаңына енгізілмеген белгілі бір аумақтарды құрылыс мұқтаждықтары үшін уақытша пайдалану қажеттілігі кезінде пайдалану режимі, қорғау (қажеттілігіне қарай) және осы аумақтарды тазалау осы аумақтардың иелері және (немесе) пайдаланушыларының келісімімен анықталады (қоғамдық аумақтар үшін – жергілікті атқарушы органмен).
128. Құрылыс жүргізілетін барлық мерзімде жұмыстарды орындаушы алаңға қойылатын еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс жұмыстарының қоршаған аумақтың және халықтың қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ осы нормалармен, қолданыстағы басқа нормативтік құжаттармен құрылысқа келісу талаптарымен белгіленген әкімшілік сипаттағы түрлі талаптарды орындауға жауапкершілікте болады.
129. Құрылыс жүргізілетін барлық мерзімде жұмыстарды орындаушы уақытша инженерлік желілер, жолдар және көліктік құрылыстар, қойма алаңдары, тұрмыстық және барлық қатысушылар үшін ортақ пайдаланудағы басқа да уақытша ғимараттар мен құрылыстарды жайластыру, пайдалану, дамыту және жоюды, сондай-ақ егер басқасы құрылысқа келісу шарттарымен немесе құрылысқа қатысушылар арасындағы келісіммен қарастырылмаса, алаң аумағындағы жерлерді қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
130. Жұмыстарды орындаушы бекітілген аумақтың құрылыс алаңы аумағын тазалауды қамтамасыз етуі қажет. Тұрмыстық және құрылыс қоқысы, сондай-ақ қар осы Ережелерде бекітілген тәртіпте және мерзімдерде уақтылы шығарылуы тиіс.
131. Қоныстану аумақтарында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде қалдықтар мен қоқысты тазалағанда жабық ыдыстар мен бункер-жинауыштарды қолданбай, оларды ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан тастауға жол берілмейді.
132. Жұмыстар орындалғаннан кейін аумақты, әдетте бір ай мерзімде (жұмыс көлеміне байланысты) аумақ абаттандырылуы бұзылуын кешенді қалпына келтіру, соның ішінде жол жабынын, тротуарларды, жиектастарды және көгалдандыру элементтерін кешенді көріктендіру жұмыстары орындалуы қажет.
133. Қалпына келтірілген аумақ құрылыс немесе қатыстырылған жөндеу ұйымынан оны пайдалануға жауапты ұйыммен акт бойынша қабылданады.
134. Жұмысты алты айдан артық мерзімге тоқтату немесе тоқтата тұру қажеттілігі кезінде құрылыс салушы (тапсырыс беруші) объектіні консервациялауды (оны және құрылыс үшін қолданылған аумақты халық пен қоршаған орта үшін объектінің қауіпсіздігін және негізгі құрылымдардың беріктігі, тұрақтылығы, сақталуын қамтамасыз ететін жағдайға келтіру) қамтамасыз етуі қажет.
135. Егер ғимараттың немесе құрылыстың пайдаланылуы тоқтатылса, халыққа және қоршаған ортаға қауіп келтіретін жағдайларға жол бермейтін шаралар қабылдануы қажет (коммуникациялар сөндіріліп, сыйымдылықтар босатылуы, қауіпті және улағыш заттар жойылуы, тұрақсыз құрылымдар бекітілуі немесе бұзылуы), сондай-ақ осы ғимаратқа немесе құрылысқа жануарлар мен адамдардың рұқсатсыз кіруіне жол бермейтін шаралар қабылдануы қажет.
14. Автокөлік жолдарын және көлік инфрақұрылымы объектілерін көріктендіру және күтіп ұстау
136. Ортақ пайдаланудағы автокөлік жолдарының жол маңындағы жолақтарындағы кіреберіс (өтпе жол, жанаспа жол) және басқа объектілерді жайластыру, жөндеу және күтіп ұстау бойынша шығындарды осы объектілердің иелері және (немесе) пайдаланушылары көтереді.
137. Аялдама павильондары және аялдама кешендерінің иелері осы құрылыстарды дұрыс жағдайда ұстауға, қажеттілігіне орай оларды қалпына келтіру бойынша шараларды қабылдауы қажет.
138. Ортақ пайдаланудағы автокөлік жолдарын пайдаланушылар көлік құралдарын жол қозғалысы қауіпсіздігін, жолдың және онда орналасқан құрылыстардың сақталуын, сондай-ақ қоршаған ортаны ластауға жол бермейтіндей жағдайда пайдалануы қажет.
139. Жол жабынын, жер қабатын, көпірлер, өтпе жолдар, су құбырлары құрылымдарын, автопавильондар, жол белгілері, жол маңайындағы көшеттер, қорғаныс құрылғылары және автокөлік жолдарын жайластыратын элементтердің бүлінуіне жол берген автокөлік жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болады.
140. Пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте автокөлік жолдарына және жол құрылыстарына тигізген зиянның орнын толтырады.
141. Жол жиегінде, тротуарлар мен жаяужолдарда, ал елді мекендерде сонымен қоса жүру бөлігінен басқа жерлерде көлік құралдарының қозғалысы рұқсат етілмейді. Жол-пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының қозғалысы, сондай-ақ тікелей жол жиегінде, тротуарлар мен жаяужолдарда орналасқан объектілерге, өтудің басқа мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк таситын көлік құралдарына қысқа жол бойынша өтуге жол беріледі. Осы жағдайда қауіпсіздік қамтамасыз етілуі қажет.
15. Жолдарды күтіп ұстау
142. Нөсерлік кәріз жүйесі жоқ көшелердің жүру бөлігі сыпыру-тазалау машиналарымен тазартылуы қажет.
143. Жол жабынын жолдың жиегінде жиналатын қоқыстардың су ағынымен жасыл көшеттер жолағына немесе тротуарға шықпайтындай етіп жуу керек.
16. Жолдарды қысқы тазалау
144. Қала көшелерінің өтпе жолдары мен кіру жолдарын қыста жинау жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын регламенттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
145. Қала аумағын тазалауға жауапты ұйымдар (тапсырыс берушілер қызметі және мердігерлік ұйымдар) 1 қазанға дейін тайғаққа қарсы қолданылатын материалдарды қажетті мөлшерде тасып жеткізуі, дайындауы және жинауы керек.
146. Көшенің жүру бөлігінің жиегіндегі қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенің жүру бөлігін және өтпе жолдарды тазалауға жауапты кәсіпорын жүзеге асырады.
147. Көшелердің көлік жүретін бөлігін және өтпе жолдарды, тротуарлар мен аула аумақтарын тазалау жұмыстарының технологиясы және тәртіптері ауа райы жағдайына қарамастан, көліктердің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет болмауы тиіс.
148. Қысқы тазалаудың бірінші кезектегі операцияларына:
1) жолдардың жүру бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
2) қарды күреу және сыпыру;
3) қар үйіндісін тасып шығару үшін жинастыру;
4) жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларын, әкімдік және қоғамдық ғимараттардың кірме жолдарын, аулалардан шығатын жолдарды қар үйіндісінен тазарту жұмыстары жатады.
149. Екінші кезектегі операцияға:
1) қарды шығару (тасу);
2) қар шығарылғаннан кейін жол жиегін тазарту;
3) мұзды уату және қар-мұздан құралған үйіндіні шығару.
150. Қала жолдарының жүру бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен хлоридтерді бекітуге жеткілікті қар қабаты пайда болуы үшін қар жауа бастағаннан кейін 20-40 минутта өңдеу қажет.
151. Қар жауа бастағаннан кейін ең алдымен көлік бағыты үшін неғұрлым қауіпті магистральдар және көшелер учаскелерін – тік түсетін және көтерілетін жолдарды, көпірлерді, эстакадаларды, тоннельдерді, жол тораптарын және қоғамдық көлік аялдамаларын, сондай-ақ шұғыл тежелу қажет болатын және тағы басқа жерлерді тайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.
152. Көлік қозғалысы үшін ең қауіпті орындарды өңдеу аяқтағаннан кейін көлік жүретін бөлікті тайғаққа қарсы материалдармен толық өңдеу қажет. Бұл операция алдымен жиектегі тастан бастап жолаушылар тасымалдайтын көлік қозғалысы бағытына дейін жүргізіледі.
Жол тазалаушы кәсіпорынға бекітілген барлық аумақты тайғаққа қарсы материалдармен толық өңдеу уақыты – қар жауа бастағаннан кейінгі төрт сағаттан аспауы қажет.
153. Технологиялық циклда "шашу-сыпыру" үлестері екеуі де тең болуы керек (реагенттермен өңделінген аудандардың саны сыпырылған аудандар санына тең болуы тиіс).
154. Жаңадан түскен 5 сантиметр нығыздалмаған қарға тең болатын қар жол төсемінен 2,5-3,0 сантиметрге биік болса, жолдың жүру бөлігіне механикаландырылған сыпыру жүргізіледі.
155. Қар ұзақ жауса, механикаландырылған сыпырудың циклы қар жаңадан әрбір 5 сантиметрлік биіктікте түскен сайын жүзеге асырылады.
156. Бір кәсіпорын қызмет көрсететін жағдайда барлық көшелерді және өтпе жолдарды қажетіне қарай бір рет тазалау уақыты төрт сағаттан аспау керек.
157. Қар тоқтаусыз жауса технологиялық циклдың саны (шашу-сыпыру) үш реттен кем емес мөлшерде жасалып, қажеттігіне қарай қайталануы керек.
158. Қар аяқталғаннан кейін жол төсемдеріне соңғы сыпыру жұмысы жүргізіледі.
159. Жолдың жүру бөлігі механикаландырылған сыпырудан кейін оның көлденең бойына қар және мұз қалдықтарынан тазалануы тиіс.
160. Көшелердің жүру бөлігінен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуарлардан тазаланған қар көшелердің жүру бөлігінің және өтпе жолдардың шетіне қарды уақытша жинау үшін ығыстырылады.
161. Бір жақты көлік қозғалысы бар көшелер мен өтпе жолдардан, оның ішінде гүлзарлар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрінде бөлінетін жолақтары бар магистральдар жағынан қар сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде жиектасқа дейін қардан және мұздан тазалануы тиіс.
162. Қар үйіндісін уақытша жинау кезінде және жылымықта еріген сулардың ағуы үшін жолдың жиектастарындағы еріген су ағатын шұңқырлар тазаланып, жиектегі таспен қар үйіндісі арасында көлденеңі 0,5 метрден кем емес арақашықтық болуы керек. Нөсер суларын қабылдаушыларға қар үйінділерін жинауға жол берілмейді.
163. Қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамалары және жер үсті жаяу өтпе жолдары қар үйінділерінен тазартылып, жол салынуы керек:
1) аялдамаларда: 30 метрден 50 метрге дейін;
2) белгісі бар өтпе жолдарда – белгінің көлеміне қарай, ал белгісі жоқ жерде – 5 метрден кем емес.
164. Қар тасушы көліктің әрбір өтуінен кейін жол жиегіндегі және жиектас төсемдеріндегі қар қалдығынан және мұздан тазарту, одан кейін шығару операциясы өткізіледі.
165. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды арнайы дайындалған алаңдар – қар үйетін орындарға шығару қажет. Белгіленген тәртіппен келісілмеген орындарға қар шығаруға жол берілмейді.
166. Қар үйіндісін жинауға тыйым салынады:
1) барлық бір деңгейдегі жолдардың, көшелердің және өтпе жолдардың тоғысуында және теміржол өтетін үшбұрышты аймақ көрінетін жерлердің маңына;
2) жаяу жүргіншілер өтпе жолдарына 5 метр жақын жерде;
3) қоғамдық көлік аялдамаларына 20 метр жақын жерде;
4) көліктік қоршаулармен немесе биік жиектастармен қоршалған жолдардың учаскелерінде;
5) тротуарларда.
17. Жолдарды жазғы тазалау
167. Жолдың жүру бөлігі барлық ластану түрлерінен толық тазалануы және жуылуы тиіс.
Реттеуші сызық болып табылатын осьтік, резервтік жолақтар құмнан және әртүрлі ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы тиіс.
168. Екі метрлік жол жиегіндегі аймақ және ернеуі, сондай-ақ тротуарлар және онда орналасқан жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының отырғызу алаңы, трамвай жолдары топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлі қоқыстардан толық тазалануы және жуылуы тиіс.
169. Жолдың жағасы қоқыстардан таза болуы тиіс.
170. Темір-бетоннан құралған бөлу жолақтарының үсті құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиіс.
171. Жолдың жүру бөлігін жуған кезде лайлы суды және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының павильондарына, көлікке отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттеріне орындарға шашыратуға жол берілмейді.
172. Магистральдардың, көшелердің жүру бөлігінің жолдық төсемдерін және өтпе жолдарды жуу түнгі (23 сағаттан 7 сағатқа дейін) және қажетіне қарай күндізгі уақытта да жүргізіледі.
173. Жолдық төсемдерді (осьтік және резервті жолақты) магистральдарды, көшелерді және өтпе жолдарды алдын ала дымқылдап сыпыру күндізгі уақытта 8 сағаттан 21 сағатқа дейін, ал қатты қарқындағы көлік қозғалысы бар магистральдарда және көшелерде түнгі мезгілде жүзеге асырылады.
18. Бөлінген белдеуге іргелес аумақтар
174. Аумақтары автокөлік жолдарына жанасатын жер учаскелерінің иелері және (немесе) пайдаланушылары және жер пайдаланушылар, міндетті:
1) жол органдарымен ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасатын жолдар және өтпе жолдар құрылысына келісім алуға;
2) ортақ пайдаланудағы жолдарға жанасу жерлерін және оларға кіреберістерді техникалық дұрыс және тиісті санитарлық жағдайда ұстау, қоқыс, ластық және қардан тазалауға;
3) қозғалыс қауіпсіздігін нашарлататын және көруді қиындататын жол маңындағы жолақта материалдар мен құрылымдарды жинауға жол бермеуге.
19. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын көріктендіру және күтіп ұстау
175. Магистральдік коммуникациялар, инженерлік инфрақұрылымның негізгі құрылыстарының жобалық құжаттамасын әзірлеу, құрылыс, пайдалану және кейіннен қайта өңдеу кезінде, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде көршілес аумақтардың мүдделерін есепке алатын және халыққа және аумаққа қауіп келтіретін (зиянды) процестер мен құбылыстардың әсер етуіне жол бермейтін шешімдер қабылдануы қажет.
176. Республикалық, аймақаралық және аймақтық инженерлік және көлік жүйелерінің бекітілген сұлбасы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге, сондай-ақ елді мекендерді жайластыруға және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін дамытуға (дамуға қатысты) бағытталған қызметке негіз бола алады.
177. Жер учаскелерін құрылыс иелері және (немесе) пайдаланушыларының қолдануы (коммуникация төсеу, аумақты инженерлік дайындау, көріктендіру, көгалдандыру және учаскені жайластырудың басқа да түрлері) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес және нысаналық мақсатын немесе сервитут, аумақты аймақтандыру, қызыл сызықтар және құрылысты реттеу сызықтары, құрылыс салу және пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
178. Магистральдарда, алаңдарда, көшелерде, жаяужолдарда, балаларға арналған алаңшаларда, спорттық алаңшаларда, контейнер алаңшаларында және инженерлік коммуникациялардың үстіндегі жерлерде, және желдету шахталарының қорғалатын аймақтарында, сондай-ақ аулаішілік жолдарда және тоқтауға арналған "қалташаларда", көгалдандырылған аумақтарда және осы мақсаттарға бөлінбеген орындарда металл тенттер, "ұлутас", "пенал" гараждарын, автомобильдерге арналған басқа да пана болатын жерлерді орналастыруға жол берілмейді.
179. Су ағар желілерінің қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауынқабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне сыпырындыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
180. Қалалық су желілерінің нөсер суларын қабылдайтын және байқау құдықтарына профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, бірақ айына бір реттен кем емес мөлшерде мамандандырылған кәсіпорындар немесе балансында осы құрылғылар болатын басқа да ұйымдар жүргізеді.
181. Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемі жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек. Торлардың және құдықтардың өткізу қабілетін шектейтін бітелуге, лайлануға жол берілмейді.
182. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері және (немесе) пайдаланушылары:
1) жер асты коммуникацияларын күтіп ұстауға және жөндеуге, сонымен қатар уақтылы құдықтар мен коллекторларды тазалауға жауапты болады;
2) жолдардың төсемдерімен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді (өз қаржыларымен немесе мамандандырылған мекемелермен келісім шартқа отыру негізінде);
3) құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және болмаған немесе жоғалған кезде (тәулік ішінде) қалпына келтіруді жүзеге асырады;
4) коммуникацияның жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды тәулік ішінде қамтамасыз етеді (қар үйінділері, мұз, лай, сұйықтықтар).
183. Жер үсті инженерлік құрылғыларының иелері және (немесе) пайдаланушылары инженерлік желілердің қорғалатын аймағының шекарасындағы іргелес аумақтың санитарлық жағдайына жауапты болады.
20. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
184. Осы Ережелерді бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.
185. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ережелерді бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту келтірген материалдық зиянының орнын толтырудан, осы Ережелерде қарастырылған талаптарды орындаудан және жіберілген бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
Сәтбаев қаласын
көріктендіру ережеcіне
қосымша
Көріктендіру ПАСПОРТЫ ________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның аты)
__________________________________
(орналасқан мекенжайы)
__________________________________
(заңды мекенжайы, телефон)
Сәтбаев қаласы ___________________
1. Басшының аты-жөні
__________________________________________________________________
(СТН)
____________________________________________________________________
2. ҚТҚ шығаруға келісім-шарт (нөмірі, датасы)_________________
3. Бөлінген және бекітілген аумақтардағы қатты жабынның ауданы, м2 ________________________________________________________________
4. Бөлінген және бекітілген аумақтардағы газондардың ауданы, м2
___________________________________________________________________
5. Бөлінген және бекітілген аумақтардағы ағаштар, бұталар саны,
(дана) _____________________________________________________________
6. Бөлінген аумақтардағы кіші сәулеттік формалардың болуы, (дана) _____________________________________________________________
7. Аула тазалаушылардың болуы (адам саны) немесе аумақты тазалауға келісім N ________________________________________________
Осы паспортта көрсетілген деректер өзгерген жағдайда заңды тұлғаның басшысы, (жеке тұлға) _____________ Сәтбаев қаласы әкімі аппаратын хабардар етіп, жаңартылған аумақты тазалау және күтіп ұстау көріктендіру паспортын алады.
М.О. ____________________________________________ Т.А.Ә.
(заңды тұлға басшысының, жеке тұлғаның қолы)
"__"__________ 20 ___ жылы берілді
Қала әкімі ____________________ Т.А.Ә._______________________
М.О. (қолы)
бекітілген аумақтың СХЕМАСЫ