Абай ауданының жұмыссыз жастары үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 10/07 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 8-9-63 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 04/28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.11.03 N 04/28 қаулысымен.

      Жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің түлектерін – жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибе, білім және дағды алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган – "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.А. Ақсанов):
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің түлектері арасында жастар практикасын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырсын;
      2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыруға келісімшарт жасасын;
      3) жастар практикасын жүргізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 103 "Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын кеңейту" ішкі бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;
      4) жастар практикасына қатысушыларға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде еңбек төлемі қарастырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары І.І. Ісләмовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады