Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы 21 кезекті сессиясының "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 21/259 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2011 жылғы 13 қазандағы 38 сессиясының N 38/476 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 қарашада N 8-9-116 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 12.06.2014 30 сессиясының № 30/310 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарының негізінде Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы 21 кезекті сессиясының "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 21/259 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2010 жылғы 7 сәуірде N 8-9-80 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 17 (3814) санында жарияланған), Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы 23 кезекті сессиясының "Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы 21 кезекті сессиясының "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 21/259 шешіміне толықтыру енгізу туралы" N 23/279 шешімімен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2010 жылғы 2 шілдеде N 8-9-83 болып тіркелген, "Абай – Ақиқат" аудандық газетінің 2010 жылғы 9 шілдедегі N 30 (3826) санында жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 3) және 4) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне аустырылсын;
      2) 1 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) 1 топ мүгедектеріне – қала ішіне, қала маңына және жергілікті жерлерде қатынайтын қоғамдық көліктің барлық түрінде (таксиден басқа) жол жүру ақысын төлеу үшін бір жолғы ақшалай өтемақы көрсетілсін.".
      2. Осы шешім оларды алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы         Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ

      "Абай ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Б. Муталяпова
      13.10.2011 ж.

      "Абай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З. Шакентаев
      13.10.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады