Абай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 21/259 "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 17 сессиясының 2013 жылғы 20 маусымдағы N 17/178 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 шілдеде N 2359 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 12.06.2014 30 сессиясының № 30/310 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарының негізінде Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 21/259 "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-80 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 17 (3814) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы 23 сессиясының N 23/279 "Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы 21 кезекті сессиясының "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 21/259 шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімімен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-83 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 шілдедегі N 30 (3826) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), Абай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 қазандағы 38 сессиясының N 38/476 "Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы 21 кезекті сессиясының "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 21/259 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-116 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қарашадағы N 45 (3895) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 1-тармақтың 5) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісімен ауыстырылсын;
      3) 1-тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) әлеуметтік көмек бойынша қосымша шаралар көрсетуге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, қатысушыларына және оларға тең тұлғаларға санаториялық-курорттық емделу түрінде жергілікті бюджеттен қаражат бөлінсін.".
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Г. Бахраева

      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ

      "Абай ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Б. Муталяпова
      20.06.2013 ж.

      "Абай ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    З. Шакентаев
      20.06.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады