Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 6 сессиясының 2012.06.08 N 6/58 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауданының елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді ұстау және қорғау Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім оларды алғашқы ресми жариялағаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрайымы Г. Бахраева
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ
Абай ауданының ішкі істер
басқармасының бастығы С. Айдаров
07.10.2010 ж.
Абай қаласы әкімінің
міндетін атқарушы М. Бимаганбетов
07.10.2010 ж.
Абай ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиялық
қадағалау басқармасының бастығы Г. Дауытпаева
07.10.2010 ж.
"Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Е. Қысраунов
07.10.2010 ж.
Абай аудандық мәслихатының
2010 жылғы 7 қазандағы
27 кезектен тыс сессиясының
N 27/328 шешімімен бекітілген
Абай ауданының елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ережелерi
Абай ауданының елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ережелерi (бұдан әрi – Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес салауатты қоршаған ортаны қалыптастыру үшін олардың абаттандырылуының негізгі бөлшегі ретінде Абай ауданының елді мекендеріндегі жасыл желектердi қорғаудың және күтудің сапасын жоғарылату мақсатында әзiрлендi.
Ережелер Абай ауданының елді мекендеріндегі көшеттерді ұстау және қорғау саласында құқықтарды реттейді және меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізетін барлық субъектілерге міндетті.
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) арнайы қолданыстың жасыл көшеттері – санитарлық-сақтаудың, суқорғаныстың, қорғаныс-мелиоративтік, өртке қарсы аймақтардың, қорымдардың, жеміс бақтардың, көшеттіктердің, жылыжайлардың көгалдандырылған аумағы;
2) есептік объект – орнатылған шекараларға ие және жеке меншікке немесе мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға немесе жеке тұлғаларға – жауапты иелерге жалға ұсынылған жер учаскелер;
3) жалпы пайдаланудың жасыл көшеттері – елді мекендер тұрғындарының дем алуы үшін арналған жасыл көшеттер аумағы (қалалық ормандар, орман саябақтары, саябақтар, бақтар, гүл бақтары, саяжолдар);
4) жасыл көшеттерді қорғау - жасыл көшеттерді сақтау және түлетуге бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесi;
5) жасыл көшеттер - азаматтық заңнамаға сәйкес елді мекеннің бiрыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егiлген ағаш, бұтақты және шөптi өсiмдiктер;
6) жасыл көшеттердің өтемдік құны – жасыл көшеттерді құруға және күтіп ұстауға, сонымен бірге құндылықтан, орналасқан жерден және жасыл көшеттердің сапалық жағдайынан тәуелді анықталатын экологиялық зардаптың орнын толтыруға шығындарды қосқанда зақымдаған және жойған кезде олардың құндылықтарын есепке алу үшін орнатылатын жасыл көшеттердің құндық бағасы;
7) жасыл көшеттерге зақым келтірілуі – бояуға, бұтаққа, ағашты-бұталы өсімдіктерге, олардың тамыр жүйесіне зақым келтіру, өсімнің тоқтауына алып келмейтін шөпті өсімдіктердің жер үстіндегі бөлігіне және тамыр жүйесіне зақым келтіру;
8) жасыл көшеттердің тізілімі – елді мекеннің аумағында жасыл көшеттердің саны, бейнелік құрамы, түр-тұқымы туралы мәліметтердің жиынтығы;
9) жасыл көшеттерді жою – ағаштардың, бұтақтардың, гүлзарлардың және газондардың қурап қалуына алып келген жасыл көшеттердің зақымдалуы;
10) жасыл құрылыс – елді мекендерде және өзге де объектілерде жасыл көшеттер аумағын құру, сақтау және көбейту жөнiндегi іс-шаралар жүйесi. Аумағы едәуiр учаскелердi көгалдандыру жобалық тапсырма мен оның техникалық жобасы негiзiнде жүргiзiледi;
11) көгалдандырылған аумақтар – табиғи және жасанды туындының көшеттері: бақ-саябақтық кешендер және объектілер, бульварлар, гүл саябақтары, газондар және гүлзарлар орналасқан тұрғын, қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік қолданыстағы жер учаскелері;
12) өтемдік көгалдандыру – жойылған немесе зақымдалғандардың орнына жасыл көшеттерді қайта өсіріп шығару;
13) уәкілетті орган – жасыл көшеттерді ұстау және қорғау жөніндегі орган, Абай қаласының, ауданның кент және ауылдық округтарының әкімдері (бұдан әрі – бағдарламаның әкімшісі);
14) шектеулі пайдаланудың жасыл көшеттері – тұрғын үй құрылысының, емдеу, бала, білім және ғылым мекемелердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, спорттық кешендердің көгалдандырылған аумағы.
2. Жасыл көшеттерді ұстаудың және қорғаудың негізгі принциптері
2. Ауданның елді мекендерінің аумағында орналасқан барлық жасыл көшеттер олардың кімнің басқаруында орналасуына қарамастан елді мекеннің бірыңғай жасыл қорын құрайды және қорғалуға жатады.
3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл көшеттерді қорғау бойынша шараларды іске асыру, сонымен бірге жасыл көшеттердің зақымдалуына және жоюлуына алып келетін заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсіздіктерге жол бермеу қажет.
4. Жасыл көшеттер орналасқан жер учаскелердің меншік иелері, жалға алушылары олардың жағдайына бақылауды жүзеге асыру, қанағаттандырарлықты жағдайын және жасыл көшеттердің дұрыс дамуын қамтамасыз ету қажет. Арнайы агротехникалық іс-шараларды өткізумен байланысты жасыл көшеттерді қайта егу және күтім жасау бойынша жұмыстар тендерлік негізде мамандандырылған ұйымдармен іске асырылады.
5. Жеке және заңды тұлғалардың жобалық, құрылыстық және шаруашылық қызметі осы Ережелердің талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. Құрылыстық, шаруашылық және өзге де қызметті ұйымдастыруға жоба алдындағы және жобалық құжаттама көгалдандыру сызбасына салынған жасыл көшеттер туралы толық және сенімді мәліметтерді қамту тиіс.
6. Елді мекен аумағының шекарасында орналасқан жасыл алаптар (саябақтар, гүл бақтары, тоғайлар, орман егістері) құрылыс салуға жатпайды.
7. Қоғамдық пайдалану жерлерінде жасыл көшеттерді құру заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген елді мекенді көгалдандырудың сызбасына сәйкес сәулет және қала құрылысы органдарының оң қорытындысының негізінде өткізіледі.
8. Жасыл құрылыс бойынша жұмыстарды өткізу кезінде жобалардың авторларына бекітілген жұмыс сызбалары және елді мекенді көгалдандырудың сызбасы бойынша атқарылатын жұмыстардың сапасына және сәйкестігіне қадағалауды жүргізу қажет.
3. Азаматтарға және жасыл көшеттер меншік иелеріне (жалгерлеріне) талаптар
Ескерту. Ереженің 3 тарауының атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2011.06.16 N 35/424 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.
9. Азаматтар:
1) бақтарды, саябақтарды, гүл бақтарды еркін аралауға, өздерінің мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемориалдық кешендерге және өзге де аумақтарға баруға, серуендеуге, спортпен айналасуға және осы Ережелердің талаптарын сақтаумен басқа да мақсаттарда;
2) аудан елді мекендері жасыл қорының даму басымдары және қорғау шаралар, жағдайы туралы сенімді ақпаратты алуға;
3) жасыл құрылыс жобаларын талқылауда, сонымен қатар жасыл құрылыстың балама жобаларын әзірлеуде қатысуға;
4) іске асырылуы аудан елді мекендерінің жасыл қорына зардап тигізетін жобалық құжаттаманың қоғамдық экологиялық сараптамасын өткізу туралы ынтамен сөз сөйлеуге;
5) елді мекенді, ауланы және көгалдандыру және аумақтың санитарлық тазалау бойынша іс-шараларда қатысуға;
6) жасыл көшеттерді қорғау бойынша талаптардың бұзылуына байланысты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тарапынан әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) әкімшілік немесе сот тәртібінде шағым беруге құқылы.
10. Жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау бойынша міндеттемелерді қабылдаған жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері және жалға алушылары:
1) жасыл көшеттердің мамандық күтімі мен сақталуын қамтамасыз етеді;
2) жыл сайын оларға белгіленген нысан бойынша жасыл көшеттердің өзгеруі (кесіп түсірілуі, қайта құрылуы, қайта егілуі, егілуі) туралы ақпаратты уәкілетті органға жібереді;
3) агротехникалық шаралардың барлық кешенін жиі өткізеді, соның ішінде газондарды, ағаштарды және бұталарды суару, арамшөтермен, зиянкестермен және аурулармен күрес, газондарды шауып алу;
4) өз қаражатының есебінен қала құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленген елді мекенді көгалдандырудың техникалық жобасына сәйкес бекітілген аумақта жасыл көшеттердің көгалдандырылуын және ағымды жөнделуін өткізеді;
5) осы Ережелермен бекітілген тәртіпте ресімделген жасыл көшеттердің бұзылуын (қайта егілуін) іске асырады;
6) уәкілетті органның жазбаша рұқсат беруі бойынша ағаштардың жасартатын кесіп түсіруін, ағаш-бұтақты өсімдіктің қалыпты және санитариялық кесімін өткізеді;
7) тоқ өткізетін сымдардың қүзетілетін аймағында (1 метр радиуста), сонымен қатар көшелердің көрсеткіштерін және үйлердің нөмірлік белгілерін жабатын бұтақтардың уақытылы кесіліп түсірілуін өткізеді. Бұтақтардың кесіліп түсірілуі электржелілерінің иелерімен келісілген кестеге сәйкес және олардың бақылауы астында берілген жұмыстардың түрін орындау бойынша технологиялық талаптарды сақтаумен жүргізеді;
8) аумақтың санитарлық тазартылуын, сынған ағаштарды және бұталарды жұлуды өткізеді.
11. Жасыл көшеттермен қамтылған және жер заңнамасымен көзделген жер айналысының өзге нысандарындағы жер учаскелерді жалға беру, сыйға тарту, сатып алу, сату кезінде жаңа меншік иесіне, жалға алушыға жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау бойынша құқықтар және міндеттері тапсырылады.
12. Көгалдандырылған аумақтардың жер айналымын куәландыратын құжаттама уәкілетті органмен келістіруге жатады.
4. Уәкілетті органдардың өкілеттіктері
13. Уәкілетті органның құзыретіне:
1) жасыл көшеттердің кадастрын жүргізу;
2) жасыл көшеттерді құру, күтіп ұстау және қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау және ұйымдастыру;
3) жасыл көшеттермен қамтылған жер учаскелерді пайдалану рұқсаттарын келістіру;
4) жасыл көшеттерді (5 қосымша) кесіп түсіруге және қайта егуге рұқсаттар беру кіреді.
5. Жасыл көшеттерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау
14. Ауданның елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді есепке алу олардың санын, түр-тұқымдық құрамын және күйін анықтау мақсатында есептік обектінің шекарасында орналасқан жасыл көшеттерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады.
15. Түгендеу және жасыл көшеттерді зерттеудің өзге түрлері мамандандырылған ұйыммен тендер негізінде өткізіледі.
16. Жасыл көшеттердің есепке алынуы:
1) аудан елді мекендерінің аумағындағы жасыл көшеттердің сандық және сапалық сипаттары туралы сенімді мәліметтерді алу;
2) көгалдандырылған аумақтарда жауапты иелермен іске асырылатын қызметтің аумақтардың бекітілген функционалдық тағайындалуын анықтау;
3) елді мекеннің көгалдандырылған аумақтарын тиімді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін ақпараттық қорды құру мақсаттарында өткізіледі.
17. Есепке жасыл көшеттердің барлық түрлері жатады: ағаштар, бұталар, газондар, гүл бақтары.
18. Жасыл көшеттер есебінің нәтижесін көрсететін құжат бекітілген нысан бойынша құралатын (1 қосымша) есептік объектінің паспорты болып табылады.
19. Есептік объектінің паспорты жоспарлы бес жылда 1 рет жаңартылуға жатады.
20. Жылжымайтын мүліктің жауапты иесі оған тиісті жер учаскеде жасыл көшеттердің есепке алынуын ұйымдастырады және есептік объектінің паспортына алынған мәліметтердің салыстырылуын қамтамасыз етеді.
21. Есептік обектінің паспорты жауапты иесімен бекітіледі және уәкілетті органмен, сонымен қатар тексеруді өткізген мамандырылған ұйыммен келістіреді.
Есептік объекті паспортының көшірмесі жасыл көшеттердің тізіліміне (2 қосымша) мәліметтерді салыстыру үшін уәкілетті органға тапсырылады.
22. Көгалдандырылған аумақтарда орналасқан жасыл көшеттер Тізілімінің мәліметтерін жаңарту 2 жылда 1 рет өткізіледі.
23. Жасыл көшеттерді ұстау және қорғау бойынша іс-шараларды және жұмыстарды ұйымдастыру және орындау:
1) бақтардың, гүл бақтардың, бульварлардың, жүргінші саяжолдардың уәкілетті органға, мамандырылған коммуналдық кәсіпорындарға, сонымен қатар көгалдандырылған аумақтардың меншік иелеріне және жалға алушыларына жүктеледі;
2) мәдениет және демалыс саябақтарының, балалар саябақтардың, арнайы саябақтардың осы мекемелердің әкімшілігіне жүктеледі;
3) сауда объектілерінің қасбетті топтарының ажырамас бөлігін құрайтын жалпы пайдаланудың жасыл көшеттерінің, қызмет көрсетудің, банктердің, кеңселердің, кәсіпорындардың, жеке үйлердің және өзге де жеке иеліктердің берілген жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне және жалға алушыларына жүктеледі;
4) ұйымдар аумағындағы жасыл көшеттердің, сонымен қатар оларға бекіген учаскелердегі жасыл көшеттердің тікелей осы ұйымдармен жүзеге асырылады;
5) санитарлық-қорғаныс аймақтардың меншік иелерімен және санитарлы-қорғаныс аймақтардың шекарасындағы жер учаскелердің жер пайдаланушыларымен жүзеге асырылады;
6) кварталішілік жасыл көшеттердің, жер пайдаланудың шекарасындағы үй жанындағы аумақтардағы көшеттердің тұрғын үй қорының иелеріне (тұрғын үй пайдалану кәсіпорынның пайдаланушыларына) жүктеледі.
24. Арнайы агротехникалық іс-шараларды өткізумен байланысты жасыл күту бойынша жұмыстар, жасыл желектердің жөнделуі және қайта құрылуы жұмыстардың сәйкес түрлерін жүргізуге лицензиялары бар мамандырылған көгалдандыру ұйымдарымен өткізіледі.
6. Жасыл көшеттерді кесіп түсіру және қайта егу
25. Жасыл көшеттерді кесіп түсіруге рұқсат келесі жағдайларда беріледі:
1) орнатылған тәртіпте келісілген және бекітілген қала құрылысының құжаттамасымен көзделген құрылыс объектілерін орналастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуде;
2) инженерлік көріктендіру, жер үсті коммуникация объектілеріне қызмет көрсетуде;
3) апаттық және төтенше жағдайларды жоюда, соның ішінде инженерлік абаттандырудың объектілерінде;
4) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органның қорытындылары бойынша ғимараттардың жабдықталған деңгейін тұрғын және тұрғын емес орындар үшін сәйкес нормативтерге қалпына келтіруде;
5) жасыл көшеттердің түр-тұқымдық құрамын және сапасын жетілдірудің қажеттілігі кезінде.
26. Жасыл көшеттерді кесіп түсіру билеттері (3, 4 қосымша) бойынша ғана бұзуға жол беріледі, ал қайта егілуі уәкілетті органмен берілетін рұқсат бойынша (5 қосымша) жүргізіледі.
Кесіп түсірудің, егудің, кесу билеттерін және қайта егуге рұқсаттарды берудің тәртібі уәкілетті органмен анықталады.
27. Мемориалдық, тарихи немесе әмбебап эстетикалық құндылыққа ие, тарихи немесе мәдени мұраттық ескерткіш, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген ағашты және бұталы өсімдіктер түрлерінің мәртебесіне ие, сонымен қатар жергілікті маңыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан ағаштарды құлатуға тыйым салынады.
28. Рұқсат қағаздарды алдын ала ресімдеусіз жасыл көшеттерді кесіп түсіру және егуге жол берілмейді.
29. Қала құрылысының қызметін іске асыру кезінде жасыл көшеттерді кесіп түсіру және егуді келістіру келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) құрылысқа бастапқы-рұқсат ету құжаттаманы даярлау кезінде жобалық ұйым белгіленген тәртіпте жасыл көшеттерді кесіп түсірудің қажеттілігін көздейтін құрылыстық жобаны әзірлейді;
2) жобалық ұйымның хаты және құрылыстық жобаның негізінде уәкілетті орган мамандандырылған ұйымдармен бірлесе отырып құрылыс жорамалданған учаскенің тексерілуін өткізеді және ағаштар мен бұталардың саны, түр-тұқымының құрамы, жағдайы, газондардың, шөп жамылғысының, гүл бақтардың барын, соның ішінде кесіп түсіруге жататындар көрсетілетін тексеру актісі жасалады;
3) тексеру актінің негізінде уәкілетті орган жобалық ұйымға берілген учаскеде құрылыс салудың мүмкін болуы және ағаш пен бұталарды, сонымен қатар кесіп түсіруге жататын ағаш және бұталардың, гүл бақтардың және газондардың санын мейлінше ұзақ сақтаудың мүмкіндігі мақсатында құрылысты орналастырудың ерекше талаптары туралы қорытындыны шығарады;
4) ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті орган тапсырыс берушіге кесіп алынатын ағаштардың және бұталардың, бұзылатын гүл бақтарының және газондардың өтемдік құнын төлеуге мамандандырылған ұйыммен белгіленетін көлемде шот жазып береді;
5) бес қабатты және басқа да ескі құрылыстарды бұзу кезінде жасыл көшеттердің кесіліп түсірілуіне кесу билеттерін беру кезінде өтемдік құн инженерлік коммуникациялардың аймақтарында және жарықтық режимнің аймағында орналасқан жасыл көшеттерді кесіп түсірудің құнын есепке алусыз есептеледі.
30. Инженерлік коммуникациялардың күрделі және ағымды жөнделуін өткізу кезінде жасыл көшеттердің кесіп түсірілуі және (немесе) егілуі келесі тәртіпте өткізіледі:
1) инженерлік коммуникациялардың күрделі және ағымдағы жөнделуін өткізу кезінде жасыл көшеттердің кесіп түсірілуі кесу билеттің негізінде өткізіледі;
2) жөндеу жұмыстарының барысында бұзылған газондар мен гүл бақтарының қалпына келтірілуі тапсырыс берушінің қаражаты есебінен іске асырылады;
3) ағаштарды және бұталарды кесіп түсіру кезінде өтемдік құн толық қалпына келтіру құнының көлемінде алынады.
31. Төтенше және апаттық жағдайларда ірі ағаштардың құлауы адам өміріне және деңсаулығына, ғимараттардың және құрылыстардың күйіне, көлік қозғалысына, коммуникациялардың қызметіне қауіп төндірген кездерде көрсетілген көшеттердің кесіп түсірілуі алдын ала рұқсатты ресімдеусіз өткізіледі:
1) кесу фактісі аумақ иесінің, уәкілетті органның, апатты және төтенше жағдайды жою бойынша жұмыстарды өткізген ұйымның өкілі құрамындағы комиссиямен белгіленген нысанда ресімделген кесу орнын куәландыру актісімен расталады;
2) белгіленген нысанда ресімделген кесу орнын куәландыру актісі бар болғанда уәкілетті орган кесу билетін 72 сағат ішінде береді.
32. Бөлмелерге жоғары көлеңке түсуіне алып келетін ғимараттар мен құрылыстардан 5 метр жақын өсетін ағаштарды кесіп түсіруге рұқсат санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы негізінде азаматтардың өтініштері бойынша уәкілетті органмен беріледі.
33. Олардың орналасқан жеріне тәуелсіз қурап бара жатқан, құрап қалған және ауру ағаштар мен бұталардың есебі уәкілетті органмен жеке және заңды тұлғалардың, пайдаланушылардың, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелердің және жалға алушылардың өтініштері бойынша өткізіледі.
Қурап қалған ағаштар мен бұталарды зерттеу кезінде ағаштардың қурап қалуы олардың кәріліктерінен және ауруынан емес, ал жеке азаматтардың немесе лауазымды тұлғалардың кесірінен болғандығы анықталса, онда осы ағаштардың бағалануы дымқыл өсетін ағаштарды қалпына келтіру құнының ставкасы бойынша өткізіледі, ал олардың қурап қалуында кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
34. Жасыл көшеттерді өсіру және күтуде мамандандырылған ұйымдарға тиесілі аумақтардағы жасыл көшеттердің кесіліп түсірілуі осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
35. Елді мекенді көгалдандырудың келісілген жобасына және көгалдандыру сызбасына сәйкес кесілуге жататын барлық жасыл көшеттер жұмыс өндірушімен қызыл бояумен, қайта отырғызуға жататындар – сары бояумен таңбаланады.
36. Кесілген ағаштың және кесу қалдықтардың үйілуі, түбірімен қазып алынуы, артылуы және шығарылуы жұмыстар басталған мезеттен бастап тәулік ішінде өткізіледі. Кесілген ағаштарды және кесілген қалдықтарды жұмыстар өндірісінің орнында қалдыруға тыйым салынады. Кесу қалдықтарын үю, түбірімен қазып алу және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар берілген жұмыс түрінің қауіпсіздік техникасының талаптарына толық сәйкестікте өткізіледі.
37. Аумақтың кесу орындарына қараған газондарға, гүл бақтарға, жасыл көшеттерге зақым келтірілген жағдайда жұмыс өндірушімен аумақтың иесімен және уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде, бірақ зақым келтіру мезетінен бастап жарты жылдан кешіктірмей олардың міндетті түрде қалпына келтірілуі өткізіледі.
38. Жасыл көшеттердің егілуі уәкілетті органмен берілетін рұқсаттың негізінде өткізіледі (қосымша).
39. Жұмыстардың басталысына дейін жасыл көшеттердің егілуіне рұқсат алу үшін құрылыс жұмыстардың тапсырыс берушілеріне:
1) уәкілетті органға құрылыс, қайта құру және күрделі жөндеудің аймақтарынан құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілген учаскелерге ағаштар мен бұталарды егуге жобалық құжаттаманы ұсыну;
2) мамандандырылған ұйыммен ағаштар мен бұталарды егуге шарт жасау;
3) егілген жасыл көшеттерге (1 жыл ағымында жапырақтыларға, 2 жыл ағымында қылқан жапырақты тұқымдарға) күтім бойынша жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету қажет.
7. Зиянның орнын толтыру және жасыл көшеттерді кесіп түсіргеннен кейін қалпына келтіру
40. Лауазымды тұлғалардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде болған көпжылдық жасыл көшеттердің жоюлуы (кесу, ойран болуы) немесе зақым келтірілуі ақшалай немесе заттай түрде толық өтелуге жатады.
41. Өтемдік көгалдандыру келесі талаптардың есебімен өткізіледі:
1) қалпына келтірілетін жасыл көшеттердің саны жойылғандардың санынан аспауы тиіс;
2) қалпына келтірілетін жасыл көшеттердің түр-тұқымдық және құрылысы сәулеттік, экологиялық және эстетикалық сипаттар бойынша жетілдіруге жатады;
3) қалпына келтіру балшықпен ағаштың егілуі мен кесіп түсірілуі өткізілген аумақтың шекарасында өткізіледі.
42. Өтемдік көгалдандыру мүдделерінде кесіп түсіру өткізілген азаматтардың және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен өткізіледі.
Заңсыз кесіп түсіру, жою фактілері бойынша кінәлі тұлғаны анықтау мүмкін емес болған жағдайда, жасыл көшеттердің табиғи қурауында өтемдік көгалдандыру бюджеттік қаражат есебінен жүргізіледі.
Ақшалай өтемдік құн жасыл көшеттердің кесіп түсірілуі мүдделерінде өткізілген азаматтармен және заңды тұлғалармен жергілікті бюджетке аударылады.
Заттай өтемақы жеке және заңды тұлғалармен уәкілетті органмен келісім бойынша көгалдандыру кәсіпорынмен, мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша өткізілуі мүмкін.
43. Өтемдік көгалдандыру:
құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес – ағашты-бұтақты өсімдіктің 20 бірлігінен астам қалпына қалпына келтірген кезде;
уәкілетті органмен келістірілген көгалдандыру сызбасына сәйкес - ағашты-бұтақты өсімдіктің 20 бірлігінен кем қалпына қалпына келтірген кезде жүзеге асырылады.
44. Құрылыс жұмыстарын өткізу кезінде кесіп түсіруге жататын жасыл көшеттер құрылыс салушының қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Құрылысқа бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес құрылыс салушылармен өткізілетін көгалдандыру өтемдік көгалдандыру бойынша жұмыстарды өткізу ретінде есептелу мүмкін емес.
8. Жасыл көшеттерді ұстау және қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға әкімшілік жауапкершілік
45. Жасыл көшеттердің заңсыз зақымдалуына және жоюлуына әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталады.
46. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ережелердің баптарын бұзған кезде Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
47. Осы баппен көзделген әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттамалар ішкі істер органдарының және қоршаған ортаны, орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау облысында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды іске асыратын органдардың лауазымды тұлғаларымен құралады.
Абай ауданының
елді мекендеріндегі жасыл
көшеттерді ұстау және
қорғау Ережелерiне
1 қосымша
Түгендеуді өткізетін ұйымның атауы
_______________________________________________________________
Түгендеу нөмірі ___________________
Есептік объектінің
ПАСПОРТЫ
Объектінің атауы ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жіктеу коды
_____________________________________________________________________
(жерлердің функционалдық мақсаты бойынша)
Әкімшілік-аумақтық тиістілігі
_____________________________________________________________________
(әкімшілік маңыздағы код)
Жауапты иесі
Қорғау және пайдалану режимі, қала құрылысының қызметін реттеу тәртібі __________________________________________
Келісілді: Келісілді: Келісілді:
Сәулет Жауапты Уәкілетті
бөлімі иесі орган
___________________ ___________________ ____________________
"____"______201___ж. "____"______201___ж. "____"______201___ж.
Есептік обектінің паспортына қосымша:
Жағдайлық жоспар (қала есептік объектінің орналасуы ______________, кентте __________________)
Есептік объектінің түгендеу жоспары (көгалдандыру сызбасы) М1: 500; М1: 1000
Есептік объектінің ағаш өсіру жоспары (түгендеу жоспары) М1: 2000; М1: 10000
Жасыл көшеттердің әрбір ағашы бойынша есептік ведомосі
Түгендеуді орындаған ұйымдардың атауы
Абай ауданының
елді мекендеріндегі жасыл
көшеттерді ұстау және
қорғау Ережелерiне
2 қосымша
201__ жылдың 1 қаңтарына дейiнгi ___________ қала, кент жасыл көшеттерінің тiзiлiмi
Жасыл көшет нысандарының (учаскелерiн) алаңын жер санаты,
өсiмдiк түрлерi және функционалдық мақсаты
бойынша бөлу
Қала, кент __________
Әкiмшiлiк аудан: (код) ________________________________
Жауапты иесi: _________________________________________
Жасыл көшеттер тiзiлiмi
N р/н, инвентарлық N, жасыл көшет төл-құжаты |
Жердiң функционалдық мақсаты, (жасыл желектер санаты) |
Жiктемелiк код |
Объектілердің ауданы (учаскелердің) га, жасыл көшеттердің ауданы га/шт (ағаш, бұта) |
1 |
2 |
3 |
4 |
кестенің жалғасы
Саябақтық үлгідегі жасыл көшеттер |
||||||||
Ағаш өсімдігі, кбм. га/шт |
Бұта өсімдігі |
|||||||
Жалғыз ағаштар |
Топтар, біртекті ағаш |
Алаптар, тоғайлар, бақтар га |
Саяжолдар, қатарлар |
Барлығы га/дана |
Жалғыз |
Тірі ағаш шарбақтары |
Қатарлық егістер |
Барлығы га/дана |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
кестенің жалғасы
Ашық кеңістіктер |
||||||||
Гүл бақтары, га |
Газондар, га |
|||||||
Жаздықтар |
Көптік жаздықтар |
Аралас |
Контейнерлік |
Барлығы |
Партерлік |
Жай |
Жер қыртысының жамылғысы |
Барлығы |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
кестенің жалғасы
Саябақтық үлгідегі өсімдіктің барлығы |
Ормандық, табиғи үлгідегі өсімдік |
||
Табиғи және аралас түрдегі ағаш |
Мәдениеті |
Алаңқайлар, табиғи рединалар |
|
23 |
24 |
25 |
26 |
Абай ауданының
елді мекендеріндегі жасыл
көшеттерді ұстау және
қорғау Ережелерiне
3 қосымша
"________" ___________201_____ жылғы N _________
КЕСУ БИЛЕТІ
_____________________________________________________________________
(мекен-жайы) ________________________________________________________
Жұмыс түрі: _________________________________________________________
Уәкілетті органның ________________ N ________ қорытындысы негізінде
Өтемдік құнның төлемі _______________________________________________
(төлем тапсырысының нөмірі және күні)
______________________________ мекен-жайы бойынша өтемдік көгалдандыру
_____________________________________________________________________
Өтемдік көгалдандырудың мерзімдері: _________________________________
Қоса берілген ведомостіге, жобаға, көгалдандырудың сызбасына сәйкес рұқсат етіледі:
кесіп түсіру ______________________________________________ дана ағаш
_______________________________________________ дана бұта
қалпына келтіру __________________________________________ дана ағаш
_______________________________________________ дана бұта
кесу түрі _____________________________________________ дана ағаш
_______________________________________________ дана бұта
Мамандырылған ұйыммен шарт:
_____________________________________________________________________
Жұмыстарды келесі өкілдің қатысуымен жүргізу ________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның бөлімшесі)
Жасыл көшеттерді кесу бойынша жұмыстардың басталу күні ___________________ хабарлансын.
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның бөлімшесі)
Белгіленген мерзімге дейін 5 күн мерзімінен кешіктірмей (тел. ________)
Кесу билетінің әрекет ету мерзімі ___________________________________
Уәкілетті орган басшысының орынбасары _______________________________
ПТО бастығы ___________________________________________
(қолы, күні)
М.О.
Кесу билетін алды ___________________________________________________
(лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ә., телефоны)
Кесу билеті жабылды _________________________________________________
(күні, қолы)
Абай ауданының
елді мекендеріндегі жасыл
көшеттерді ұстау және
қорғау Ережелерiне
4 қосымша
"________" ___________201_____ жылғы N _________
(жасыл көшеттерді санитарлық кесуге және қалпына келтіруге)
КЕСУ БИЛЕТІ
_____________________________________________________________________
(мекен-жайы, әкімшілік аудан, қала, кент, жұмыс учаскесінің мекен-жайы)
Жұмыс түрі: _____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттардың негізінде: ____________________________________
Қоса берілген ведомостіге, жобаға, көгалдандырудың сызбасына сәйкес рұқсат етіледі:
кесу _______________________________________________ дана ағаш
_______________________________________________ дана бұта
қалпына келтіру ________________________________________ дана ағаш
_______________________________________________ дана бұта
кесу түрі _____________________________________________ дана ағаш
_______________________________________________ дана бұта
Мамандырылған ұйыммен шарт:
_____________________________________________________________________
Жұмыстарды келесі өкілдің қатысуымен жүргізу ________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның бөлімшесі)
Жасыл көшеттерді кесу бойынша жұмыстардың басталу күні ______________________ хабарлансын.
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның бөлімшесі)
Белгіленген мерзімге дейін 5 күн мерзімінен кешіктірмей (тел. ____________)
Кесу билетінің әрекет ету мерзімі ___________________________________
Уәкілетті орган басшысының орынбасары _______________________________
ПТО бастығы ___________________________________________
(қолы, күні)
М.О.
Кесу билетін алды __________________________________________________
(лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ә., телефоны)
Кесу билеті жабылды ________________________________________________
(күні, қолы)
Абай ауданының
елді мекендеріндегі жасыл
көшеттерді ұстау және
қорғау Ережелерiне
5 қосымша
Жасыл көшеттерді кесуге берiлген
N ____ РҰҚСАТ
"___"_______ 201__ ж. дейін жарамды
1. Кәсiпорынның аталуы (СТН) (тапсырысшы, өтiнiш берушi) ___________________________
2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтiнiш берушi) __________________
3. Сұралған учаскенiң мақсаты __________________________
4. Орналасқан жерi _______________________
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме _________________________
6. Жер учаскесiнiң меншiк түрi (N, күнi) _____________________
7. Уәкiлеттi органның жасыл көшеттерді зерттеу актiсi (1 қосымша)
8. Ағаш-бұталы көшеттердің іс жүзіндегі күйі (сапалық, сандық)
9. Жасыл көшет қорын өтемдiк қалпына келтiру жөнiндегi мiндеттеме (кепiлдiк хат)
ҚОРЫТЫНДЫ
Атқарушы орган (толық атауы) жасыл көшеттердің жәй-күйiн ескере отырып, зерттеу актiсiне сәйкес жоғарыда көрсетілген ағаштарды кесудi келiстiредi, бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:
1) жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерiн сақтай отырып, сәндi-бағалы жасыл желектердi отырғызу жолымен өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзу.
2) жасыл желектердi қорғау, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
Қосымша: ____________
Ескертпе:____________
Атқарушы органның басшысы А.Ж.Т.
Уәкілетті
органның басшысы _________________ __________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
Абай ауданының
елді мекендеріндегі жасыл
көшеттерді ұстау және
қорғау Ережелерiне
6 қосымша
Жасыл көшеттерді зерттеу
АКТIСI
201___ ж. "____" ____________
______________________________________________________________
(мекен-жайы: аудан, қала, кент, учаскенің мекен-жайы)
Бiздер, төменде қол қоюшылар, _______________________________________
(уәкілетті органның жауапты тұлғасы, лауазымы, Т.А.Ә.,
_____________________________________________________________________
және тапсырыс берушiнiң өкiлi, ұйым, лаузымы, Т.А.Ә.)
___________________________ түсетiн жасыл көшеттерге зерттеу жүргiздi _____________________________________________________________________
(кесу, қайта құру, қайта отырғызу, санитарлық кесу)
_____________________________________________________________________
Нәтижесiнде анықталды:
N |
Жасыл көшеттердің тұқымдық құрамы |
Кесiлетiн |
Қайта отырғызу |
Сақталады |
Сапалық (нақты) жағдайы |
|||||
көлем |
дм |
көлем |
дм |
көлем |
дм |
Жақсы |
Қанағат. |
Қанағат емес |
||
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||
3 |
||||||||||
4 |
||||||||||
5 |
||||||||||
6 |
||||||||||
7 |
||||||||||
8 |
||||||||||
9 |
||||||||||
10 |
Осы акт _____ дана болып жасалды.
Ескертпе: Тексеру актiсi жасыл көшеттерді кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.
Тапсырысшының өкiлi алды _______________
(қолы, Т.А.Ә.)
Атқарушы органның лауазымды
тұлғасы ___________________
(қолы, Т.А.Ә.)