Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010.12.24 N 18/37 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесіне" сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысын айына ең төменгі бір жалақы көлемінде бекітілсін.
3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Абылай Қалиұлы Түсіпбеков) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілік шарттар жасасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ғ.И. Омаров
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 12 ақпандағы
N 02/24 қаулысына
қосымша
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Ақтоғай ауданы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010.12.01 N 17-01 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
N |
Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы |
Адам саны |
Жұмыстың түрлері |
Қаржыландыру көзі |
Жұмыс көлемі, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Ақтоғай селосы әкімінің аппараты |
49 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, село көшелерін кездейсоқ қоқыстан тазарту, үй басын аралау, әскери міндетін атқаруға шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандармен профилактикалық жұмыс жүргізу. |
Аудандық бюджет |
2506784 |
2 |
"Аққайың"коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
2 |
Ақтоғай селосын көркейту, ауыз су жүйесін жөндеу. |
Аудандық бюджет |
89712 |
3 |
"Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
2 |
Ж. Шайдаров атындағы демалу саябағын көркейту, көгалдандыру, жөндеу, тазалық жұмыстары. |
Аудандық бюджет |
89712 |
4 |
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
4 |
Ұлы Отан соғысының, еңбек ардагерлеріне киім, аяқ киім жөндеу, шаштараз қызметін көрсету, әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, құжаттар өңдеу. |
Аудандық бюджет |
179424 |
5 |
Ауданның ішкі істер бөлімі |
4 |
Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату. |
Аудандық бюджет |
179424 |
6 |
Аудандық мемлекеттік мұрағат |
4 |
Мұрағаттағы құжаттардың қалыпты сақталуына көмек |
Аудандық бюджет |
179424 |
7 |
Салық комитеті |
4 |
Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу хабарламаларын тарату |
Аудандық бюджет |
179424 |
8 |
Сот орындаушыларының Тоқырауын аумақтық учаскесі |
2 |
Сот орындаушысының қызметіне көмек көрсету, шақыру қағаздарын тарату. |
Аудандық бюджет |
89712 |
9 |
Жидебай селолық округі әкімінің аппараты |
5 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудандық бюджет |
224280 |
10 |
Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудандық бюджет |
89712 |
11 |
Сарытерек селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудандық бюджет |
89712 |
12 |
Нүркен селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудандық бюджет |
89712 |
13 |
Қызыларай селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудандық бюджет |
89712 |
14 |
Сарышаған поселкесі әкімінің аппараты |
8 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудандық бюджет |
358848 |
15 |
Шабанбай селолық округі әкімінің аппараты |
2 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. |
Аудандық бюджет |
89712 |
16 |
Шашубай поселкесі әкімінің аппараты |
6 |
Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандармен профилактикалық жұмыс жүргізу. |
Аудандық бюджет |
269136 |
17 |
Ақтоғай ауданының әділет басқармасы |
10 |
Жылжымайтын мүліктің электрондық мұрағатын қалыптастыру бойынша жұмыстарды орындау. |
Аудандық бюджет |
448560 |
Барлығы |
110 |
4000000 |