Ақтөбе, Үміткер селолық округтарында бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 01/03 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 ақпанда N 8-11-88 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 21/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 01.07.2016 № 21/06 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, Бұқар жырау ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Ақтөбе, Үміткер селолық округтарының шаруашылықтары мен аулаларында ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, Ақтөбе, Үміткер селолық округтарының аулаларында ірі қара малдар арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
      1) шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
      2) аурудан таза емес округтер аумағынан басқа аумақтарға әкету үшін шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сонымен қатар мал және адамдардың топталуына байланысты шаралар өткізуге;
      3) бруцеллезбен ауырған малдарды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға, көрсетілген малдар тез арада басқа малдардан оқшаулансын және олардың асыл тұқымдығына және өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан, бордақыламай 5 күн мерзім ішінде союға өткізілсін;
      3. Бруцеллезге бейім малды (оның ішінде асыл тұқымды) сатып алған жағдайда, олар 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұсталынсын және екі рет диагностикалық зерттеулер жүргізілсін.
      4. Ақтөбе, Үміткер селолық округтарының әкімдері мемлекеттік ветеринариялық инспекторларға шектеу іс-шараларын ұйымдастыруға ықпал жасасын.
      5. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау ауданы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) шектеу іс-шараларын белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз етсін. Ауыл шаруашылығы малдары бруцеллезімен күресудің және алдын алудың іс-шаралар жоспары әзірленсін.
      6. Аудандық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау ауданы аумақтық инспекциясымен (келісім бойынша) бірлесіп, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейтсін.
      7. Бұқар жырау ауданы бойынша облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық филиалы (келісім бойынша) Ақтөбе, Үміткер селолық округтарының тұрғындары арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейтсін, бруцеллезбен ауырған, сонымен қатар олармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алсын.
      8. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 30/1 "Үштөбе, Самарқанд селолық округтарында бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-64, аудандық "Сарыарқа" газетінде 2008 жылдың 13 желтоқсанында жарияланған N 50) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Манат Сәлімұлы Құрманғалиевқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2010.03.25 N 07/01 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Аудан әкімі
Е. Нашаров
Келісілген
 
Аудандық ішкі істер
 
басқармасының бастығы
С. Алиев
12.01.2010 жыл
 
Бұқар жырау ауданы бойынша
 
Қарағанды облысы мемлекеттік
 
санитарлық-эпидемиологиялық
 
қадағалау басқармасының бөлім
 
бастығы
С. Сембаев
12.01.2010 жыл
 
Қазақстан Республикасы ауыл
 
шаруашылығы Министрлігінің
 
Бұқар жырау аудандық аумақтық
 
инспекциясының бастығы
Е. Кусаев

      
      12.01.2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады