Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы мәслихатының 27.06.2014 № 9 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-56 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі N 28 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" N 8 шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-67 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 24 қаңтардағы N 3 санында жарияланған) енгізілген өзгеріспен және толықтырумен бірге төмендегі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
екінші абзац "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне" деген сөздерден кейін "және оларға теңестірілген адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға;".
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К. Айтбаева
Мәслихат хатшысы А. Жүніспеков