Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 8 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 01 шілдеде N 8-11-56 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 28.02.2014 № 4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2009.07.21 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      1. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен қарастырылған әлеуметтік төлемдердің тиісті сомаларын тағайындап, әлеуметтік көмек алушылардың таңдауы бойынша, тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екiншi деңгейлi банктер немесе ұйымдарға, екінші деңгейлі банктер арқылы аудан азаматтарының келесі топтарына аударсын:
      1) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Жеңіс күнін тойлауға:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;
      тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызметін төлеуге;
      2) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Халықаралық Қарттар күніне;
      3) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Балаларды қорғау күніне байланысты мүгедек балаларға;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін телефондандыруға;
      5) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Ауғанстаннан кеңестің шектеулі әскери контингентін әкету күніне байланысты, ауғандық жауынгерлерге біржолғы материалдық көмек;
      6) аудан азаматтарының әлеуметтік қорғалмаған категорияларына:
      ауыр науқастанған жағдайда;
      кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарға отбасы мүшесі қайтыс болғанда;
      төтенше жағдай болғанда;
      ауыр материалдық жағдайға байланысты, кедейлік шегінен төмен тұратын ауданның мұқтаж азаматтарына;
      7) тамақтың негізгі өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі негізінде, ай сайын, әрбір мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасына;
      8) аудандық медицина бірлестігі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған тізімдер негізінде, кедейлік шегінен төмен тұратын туберкулез ауруымен ауырушыларға амбулаторлық емделуі кезінде тұратын жерінен емделетін ұйымға дейін баруы және қайтуы үшін жұмсаған жол шығындарын қайтаруға және амбулаторлық емделуі кезінде қосымша терапияға өтуге жұмсаған шығындарын төлеуге.
      9) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ұсынған тізімдер негізінде Ауғанстан соғысында қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің отбасыларына бір жолғы материалдық көмек.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.12.19 N 8 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.31 N 7 қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      2. Әрбір нақты жағдайда төленетін материалдық көмектің мөлшері мен тәртібі кедейшілікті төмендету мәселелері жөніндегі консультативті - кеңес комиссиясымен анықталады.
      3. Аудандық қаржы бөлімі "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша, аудан бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде қаржыландыруды жүргізсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            К. Акимов

      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады