Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2011.03.25 N 07/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының (әрі қарай - Заң) 19, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
2. Комиссия мына құрамда бекітілсін:
Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов Бұқар жырау ауданының
Қорғаныс
жөніндегі бастығы
әскерге комиссиясының
төрағасы
Тобыл Қорғанбекұлы Жахин аудан әлеуметтік
мәселелер жөніндегі
көмекшісі, шақыру
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Жасулан Оразғалиұлы Жаппасов аудандық ішкі істер
басқармасы орынбасары,
полиция подполковнигі
Мұрат Әлімұлы Байғожин ауданның бас
дәрігерінің
орынбасары, медициналық
персоналдың жұмысын
басқарушы дәрігер
Мөлдір Қаржауқызы Жүнісбекова аудандық орталық
аурухананың медбикесі,
комиссия хатшысы
3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің жұмыс орны, атқаратын қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) (келісім бойынша) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Заңның орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) бекітілген кестеге сәйкес, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін.
6. "Бұқар жырау ауданының аудандық медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасымен келісім бойынша):
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарауына Заңға сәйкес, әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін керекті маман дәрігерлерді төмендегі құрамда бөлсін:
Саид Кадырович Гусейнов дәрігер-хирург
Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрігер-невропатолог
Замзагүль Жұмағұлқызы Жұмагұлова дәрігер-психиатр
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрігер-дерматовенеролог
Сара Сартаевна Сембаева дәрігер-офтальмолог
Сәкен Іскендірұлы Барлыбаев дәрігер-стоматолог
Ертай Шерікбай дәрігер-отоларинголог
Бақтыбай Айтмуханбетов дәрігер-рентгенолог
Сағдат Кабиұлы Какенов дәрігер-терапевт
Сәуле Файзулақызы Абжанова дәрігер-нарколог
2) дәрігер мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде медициналық комиссиясының төмендегі құрамы бекітілсін:
Қазкен Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург
Денис Викторович Лавриков дәрігер-терапевт
Гүлшахар Базарбайқызы Бакишева дәрігер-стоматолог
3) орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емделуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының нұсқаған және белгілеген мерзімінде жүзеге асырсын;
4) әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етілсін;
5) медициналық комиссияны керекті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман-дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық бикелердің керекті санын бөлсін;
6) әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендігі жөнінде шешім шығару үшін электрокардиограмма өткізуге қағаз, флюорографияға рентгенопленкалардың резерві болсын.
7. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізу барысында және Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімі бойынша емделуді мұқтаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
8. Аудандық қаржы бөлімі (Мұрат Ойдашұлы Исабаев) Заңның 44 бабына сәйкес, жедел әскери қызметке шақыруға байланысты іс- шараларды смета бойынша қаржыландыруды жүргізсін.
9. Селолық округтар және кенттер әкімдері:
1) Заңның 18 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру комиссиясының күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін;
2) ауданның әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымдастырсын, әскерге шақырушыларды тасымалдау кезінде қайғылы жағдайдың алдын алу жөнінде шаралар қабылдасын;
3) әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін.
10. Әскерге шақырылуды өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және брондау жөніндегі мамандары тартылсын.
11. Заңның 18 бабына сәйкес аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша):
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар туралы хабарлама жасап отырсын;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеуі мен жеткізілуін жүргізсін;
3) облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп қамтамасыз етсін.
12. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2010 жылдың 25 маусымына дейін ұсынсын.
13. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 11/47 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы" (тіркелу нөмірі 8-11-76, аудандық "Сарыарқа" газетінде 2009 жылдың 30 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
14. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
15. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Нашаров
Бұқар жырау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы Ө. Әбілов
Бұқар жырау ауданы ішкі істер
басқармасының бастығы С. Алиев
Қарағанды облысы
денсаулық сақтау
басқармасының бастығы Е. Әбілқасымов