Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2010.04.22 N 09/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының (әрі қарай - Заң) 19, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезiнде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
2. Мынадай құрамда комиссия бекiтiлсiн:
Өмiрбек Ыбырайұлы Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері
Әбiлов жөніндегі бөлімінің бастығы,
әскерге шақыру комиссиясының төрағасы
Қанжарбек Тәукенұлы Бұқар жырау ауданы ішкі саясат
Балапанов бөлімінің бастығы, әскерге шақыру
комиссиясы төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Жасулан Оразгұлұлы аудандық iшкi iстер басқармасы
Жаппасов бастығының орынбасары,
полиция подполковнигі
Мұрат Әлімұлы ауданның бас дәрiгерiнiң орынбасары,
Байғожин медициналық персоналдың жұмысын
басқарушы дәрiгер
Айгүл Қайырқызы аудандық орталық аурухананың
Әбілдина медбикесі, комиссия хатшысы
3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерiнiң жұмыс орны, атқарған қызметi және орташа еңбекақысы сақталсын.
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткiзiлуiн болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткiзiлуi бойынша Заңның орындалуын қамтамасыз етсiн.
5. Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) бекітілген кестеге сәйкес, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін.
6. "Бұқар жырау ауданының аудандық медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасымен келісім бойынша):
1) Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарауына Заңға сәйкес, әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуын өткiзу үшiн керектi маман дәрiгерлер төмендегі құрамда бөлсiн:
Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрiгер-хирург
Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрігер-невропатолог
Зәмзәгүл Жұмабекқызы Жұмагұлова дәрiгер–психиатр
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрiгер дерматовенеролог
Сара Сартайқызы Сембаева дәрiгер–офтальмалог
Сәкен Ескендiрұлы Барлыбаев дәрiгер-стоматолог
Бақтыбай Айтмұхамбетов дәрігер-рентгенолог
Сағадат Кәбиұлы Кәкенов дәрiгер–терапевт
Шерикбай Ертай дәрігер-отоларинголог
2) дәрiгер-мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептерi кезiнде медициналық комиссиясының төмендегі құрамы бекiтiлсiн:
Қазкен Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрiгер–хирург
Айгуль Сағадатқызы Мергембаева дәрiгер–терапевт
Гүлжазира Базарбайқызы Бәкiшева дәрiгер–стоматолог
3) орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жiберуi бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерiлуi мен емделуiн өткiзу үшiн төсек орын резервi болсын. Қосымша тексерiлуi мен емделуiн шақыру комиссиясының нұсқаған және белгiлеген мерзiмінде жүзеге асырсын;
4) әскерге шақыру кезеңiнде тiс емделуiн мұқтаж ететiн әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етiлсiн;
5) медициналық комиссияны керектi құралдар, медициналық және шаруашылық мүлiктермен қамтамасыз етсiн, сонымен бiрге маман-дәрiгерлерге көмек көрсетуге медициналық бикелердің керектi санын бөлсiн;
6) әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендiгi жөнiнде шешiм шығару үшiн электрокардиограмма өткiзуге қағаз, флюорографияға рентгенопленкалардың резервi болсын.
7. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткiзу барысында және Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімі бойынша емделудi мұқтаж ететiн әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекiтiлсiн және әскерге шақыру бiткенге дейiн емдеу жүргiзу қамтамасыз етiлсiн.
8. Аудандық қаржы бөлiмi (Мұрат Ойдашұлы Исабаев) Заңның 44 бабына сәйкес, жедел әскери қызметке шақыруға байланысты іс-шараларды смета бойынша қаржыландыруды жүргізсін.
9. Селолық округтар және кентер әкiмдерi:
1) Заңның 18 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тiзiмдерi бойынша әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру комиссиясының күнi туралы хабарласын, сонымен бiрге кестеге сәйкес олардың 100 пайыздық келуiн қамтамасыз етсiн;
2) ауданның әскерге шақыру учаскесiне әскерге шақырушылардың жеткiзiлуiн ұйымдастырсын, әскерге шақырушыларды тасымалдау кезінде қайғылы жағдайдың алдын алу жөнінде шаралар қабылдасын;
3) әскерге шақыру пунктiне әскерге шақырылушыларды жiберудiң алдында оларды шақыру қағазында көрсетiлген керектi құжаттардың бар болуын тексерсiн.
10. Жеке меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру және стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.
11. Әскерге шақырылуды өткiзу кезеңiне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкiмдерi аппаратының есеп және брондау жөніндегі мамандары тартылсын.
12. Заңның 18 бабына сәйкес аудандық iшкi iстер бөлімі (келісім бойынша):
1) Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөліміне жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар туралы хабарлама жасап отырсын;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың iздеуi мен жеткiзiлуiн жүргізсін;
3) облыстық жиналу пунктiне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңiнде әскерге шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртiп қамтамасыз етсiн.
13. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкiмi аппаратына 2009 жылдың 25 маусымына дейін ұсынсын.
14. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 26/01 "2008 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы" (тіркелу нөмірі 8-11-62, аудандық "Сарыарқа" газетінде 2008 жылдың 18 қазанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
15. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсiн.
16. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі Е. Нашаров
Келісілген:
Бұқар жырау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
Ө. Әбілов
27.04.2009
Бұқар жырау ауданы ішкі істер
басқармасының бастығы
С. Алиев
27.04.2009
Қарағанды облысы
денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
М. Шайдаров
27.04.2009