2010 жылы Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 33 сессиясының 2010 жылғы 10 қарашадағы N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 қарашада N 8-11-104 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихаты аппаратының 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 1-10/83 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихаты аппаратының 2011.04.06 N 1-10/83 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылғы Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім оның ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 шілдесінде туындаған құқықтық қатынастарын қамтиды.

      Сессия төрағасы                            Ш. Курбанов

      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков

      КЕЛІСІЛДІ

      Бұқар жырау ауданы экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі
      бастығының міндетін атқарушы
      А.М. Нуркенова
      2010 жылғы 10 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады