Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 28.09.2012 N 9/60 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабының негізінде Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жергілікті өкілетті органның шешімімен қаралған бір реттік қосымша әлеуметтік төлемдердің тиісті сомалары, аудан азаматтарының келесі аталған жекелеген категорияларына төленсін:
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 65 жылдық мерекесіне:
1) соғыс мүгедектеріне, қатысқандарға және қайтыс болғандардың жесірлеріне, әлеуметтік көмектің төлемі Жаңаарқа аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізім бойынша беріледі;
2) қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына, Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбітшілік уақытта қайтыс болған ардагерлердің жұбайларына, тыл еңбеккерлеріне, басқа мемлекеттер аймақтарындағы соғыс қимылдарына қатысқандарға, оның ішінде Ауған соғысына қатысқандарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апатын жоюға қатысқандарға.
2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 10 қазандағы XI сессиясының "2008 жылы Жаңаарқа ауданының жергілікті өкілетті органның шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету туралы" N 11/104 шешімінің (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-46, "Жаңаарқа" газетінің 2008 жылғы 1 қарашадағы N 47 (9287) санында жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
XXII-ші сессиясының төрағасы Ш. Жалғабеков
Аудандық Мәслихат хатшысы Д. Жұмасейітов
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Ш. Ибраева
2010 жыл 24 ақпан