Жаңаарқа ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 81 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 сәуірде N 8-12-73 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 49/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 26.06.2014 № 49/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2 тармақшасына238 бабының 3 тармағына сәйкес Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Уәкілетті органы - "Жаңаарқа ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Зульфхар Сердалыұлы Сердалиновке айқындалған лауазымдардың айлықақылары 25 пайызға көтерілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      3. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы "Жаңаарқа ауданы әкімдігінің "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істегені үшін лауызымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 965 қаулысына қосымша толықтырулар енгізу" N 389 қаулысының күші жойылған болып танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                Х. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Д. Жұмасейітов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 19 сәуірдегі
N 81 қаулысына
қосымша

Жаңаарқа ауданының аумағында ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдық айлықақысына көтеру белгіленген лауазымдар
тізбесі

      Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілігін орындайтын, техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету лауазымдары:
      1. Білім беру мекемелері бойынша:
      1) жетекші
      2) жетекшінің орынбасары
      3) психолог
      4) барлық мамандық бойынша оқытушылар
      5) медбике
      6) кіші медициналық қызметкер
      7) тәлімгер
      8) балабақша меңгерушісі
      9) тәрбиеші
      10) әдіскер-психолог
      11) ән-күй маманы
      12) көркемдік студия үйірмесінің жетекшісі
      13) шаруашылықты басқарушы
      14) есепші
      15) әдіскер
      16) заңгер-кеңесші
      17) интернат басшысы
      18) экономист
      19) тәрбиешінің көмекшісі
      20) емдәм медбикесі
      21) іс жүргізуші
      2. Мәдениет мекемелері бойынша:
      1) жетекші
      2) жетекшінің орынбасары
      3) жетекшінің көмекшісі
      4) көркемдік жетекші
      5) сектор меңгерушісі
      6) кітапханашы
      7) әдіскер
      8) библиограф
      9) аймақтану бөлімінің редакторы
      10) кітап қорын есепке алу маманы
      11) дыбыс режиссеры
      12) хореограф
      13) музыкалық жетекші
      14) концертмейстер
      15) нұсқаушы
      16) жастармен жұмыс бойынша маман
      17) клуб меңгерушісі
      18) оркестор жетекшісі
      19) барлық түрлер шебері
      20) шаруашылық бөлімнің басқарушысы
      21) суретші
      22) есепші
      23) экономист
      3. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша:
      1) бөлім меңгерушісі
      2) кеңесші
      3) әлеуметтік қызметкерлер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады