Жаңаарқа ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 49/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 шілдеде № 2694 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі N 32/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 06.04.2016 N 32/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Кодексінің 18 және 238-баптарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі "Жаңаарқа ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 81 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-73 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2010 жылғы 1 мамырдағы № 29-30 (9386) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Дүйсенбай Жұмасейітұлы Жұмасейітовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңаарқа ауданы әкімінің
 
міндетін атқарушы
Ю. Бекқожин
КЕЛІСІЛДІ:
 
Жаңаарқа ауданының
 
Мәслихаттың хатшысы
М. Абдишев

      
      26 маусым 2014 жыл

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 26 маусымындағы
№ 49/01 қаулысына
қосымша

Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 03.11.2014 № 82/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:
      1) бөлім меңгерушісі;
      2) кеңесші;
      3) әлеуметтік қызметкер;
      4) есепші;
      5) жұмыспен қамту Орталығының директоры;
      6) жұмыспен қамту Орталығының маманы.
      2. Білім беру саласы бойынша:
      1) жетекші;
      2) жетекшінің орынбасары;
      3) психолог;
      4) барлық мамандық бойынша оқытушылар;
      5) медбике;
      6) кіші медициналық қызметкер;
      7) тәлімгер;
      8) балабақша меңгерушісі;
      9) тәрбиеші;
      10) әдіскер-психолог;
      11) ән-күй маманы;
      12) көркемдік студия үйірмесінің жетекшісі;
      13) шаруашылық басқарушы;
      14) есепші;
      15) әдіскер;
      16) заңгер-кеңесші;
      17) интернат басшысы;
      18) экономист;
      19) тәрбиешінің көмекшісі;
      20) емдәм медбикесі;
      21) іс жүргізуші.
      3. Мәдениет саласы бойынша:
      1) жетекші;
      2) жетекшінің орынбасары;
      3) жетекшінің көмекшісі;
      4) көркемдік жетекші;
      5) сектор меңгерушісі;
      6) кітапханашы;
      7) әдіскер;
      8) библиограф;
      9) аймақтану бөлімінің редакторы;
      10) кітап қорын есепке алу маманы;
      11) дыбыс режиссеры;
      12) хореограф;
      13) музыкалық жетекші;
      14) концертмейстер;
      15) нұсқаушы;
      16) жастармен жұмыс бойынша маман;
      17) клуб меңгерушісі;
      18) оркестр жетекшісі;
      19) барлық түрлер шебері;
      20) шаруашылық бөлімінің басқарушысы;
      21) суретші;
      22) есепші;
      23) экономист;
      24) кассашы;
      25) билет контролеры;
      26) іс жүргізуші;
      27) кадр жөніндегі инспекторы;
      28) техник-электрик;
      29) дыбыс операторы;
      30) жарық операторы;
      31) заңгер-кеңесші.
      4. Ветеринария саласы бойынша:
      1) ветеринариялық мал дәрігері;
      2) ветеринариялық фельдшер;
      3) есепші;
      4) экономист.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады