Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2011.04.08 N 1.03-1/176 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасына, Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы ХХ сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 20/174 шешіміне (нормативтік – құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 8-12-64) сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыспен қамту мәселесіне жауапты уәкілетті органы "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға:
1) жұмыс істеуге тілек білдірген жұмыссыз түлектерді қабылдау және жұмысқа жіберу тапсырылсын;
2) уәкілетті орган және аудандағы жұмыс берүшілермен жастарды диплом алғаннан кейінгі тәжірибелік жұмыстарға жіберу жөніндегі келісім-шартқа отыру ұсынылсын.
2. Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері республикалық трансферттерден бөлінген сомасынан жұмысқа орналыстырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
3. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 28 шілде 2009 жылғы "Жаңаарқа ауданында 2009 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы" N 235 қаулысының Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 14 тамыз 2009 жылы N 8-12-56 тіркелген, 29 тамыз 2009 жылғы N 43-44 (9338) "Жаңаарқа" газетінде ресми түрде нормативтік-құқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Жаңаарқа ауданының әкімі Х. Омаров