Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Ақтасты селолық округінің Ақтасты ауылы тұрғындарының 24 ақпан 2010 жылғы ауылдағы көшелерді ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі жалпы жиналысының N 1 хаттамасына, Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 2 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Ақтасты селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтасты селолық округіндегі Ақтасты ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге – Бейбітшілік;
2-ші көшеге – Достық.
2. Ақтасты селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж. Айткеноваға Ақтасты ауылының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Село әкімі Т. Ускенбаев