Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау селолық округі әкімінің 2010 жылғы 06 қыркүйектегі N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте N 8-12-86 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес және Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының тұрғындарының 25 қаңтар 2010 жылғы жиынында Ақтау ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі және жиналысының N 1 хаттамасы, Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе, Ақтау селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтау селолық округінің Ақтау ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1-ші көшеге - Сакен Сейфуллин;
      2-ші көшеге - Тәуелсіздік;
      3-ші көшеге - Жеңіс;
      4-ші көшеге - Жібек жолы;
      5-ші көшеге - Достық;
      6-ші көшеге – Кенесары.
      2. Ақтау селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Д. Бақышов көшелерге ат берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енеді.

      Селолық округ әкімі                        Ш. Қаппасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады