Целинный селолық округінің Орынбай, Бидайық-2 елді мекендеріндегі көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Целинный селолық округі әкімінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте N 8-12-85 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына, Целинный селолық округінің "Целинный селолық округі бойынша кейбір көшелерге жаңадан ат беру және атауын өзгерту туралы" 2010 жылғы 22 ақпандағы Орынбай аулында болған жалпы жиналысының N 4 хаттамасына және Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 29 ақпандағы ұйғарымын қарай келе, Целинный селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орынбай елді мекеніндегі көшелердің атаулары төмендегідей аталынсын:
      1-ші көшеге - "Бейбітшілік";
      2-ші көшеге - "Тәуелсіздік";
      3-ші көшеге - "Достық";
      4-ші көшеге - "Орталық";
      5-ші көшеге - "Мектеп";
      2. Бидайық-2 елді мекеніндегі:
      1-ші көшеге - "Бірлік";
      2-ші көшеге - "Достық".
      3. Округ бойынша көшелердің атауларын өзгеруіне байланысты әкім аппаратының бас маманы А. Бакарамовқа тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы шешімнің орындалысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Село әкімі                                 М. Садвакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады