РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Қараағаш селолық округінің Ынталы ауылы тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы Ынталы ауылы көшелеріне атау беру жөніндегі N 4 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 2 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе, Қараағаш селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қараағаш селолық округіндегі Ынталы ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге - Бейбітшілік көшесі;
2-ші көшеге – Бірлік көшесі;
3-ші көшеге - Төлебай сал атындағы көше;
4-ші көшеге - Тәуелсіздік көшесі;
5-ші көшеге - Шоң Телғозыұлы атындағы көше;
6-шы көшеге – Жеңіс көшесі.
2. Қараағаш селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Э.Ш. Абильдина Ынталы ауылының көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енеді.
Село әкімі М. Жидебаев