Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округі әкімінің 2010 жылғы 8 қыркүйектегі N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте N 8-12-90

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылы тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округіндегі Мұқажан Жұмажанов ауылының кейбір көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1-ші көшеге Бейбітшілік;
      2-ші көшеге Тәуелсіздік;
      3-ші көшеге Сәкен Сейфуллин;
      4-ші көшеге Сайдалы Сары тоқа.
      2. Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Жаркенова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Село әкімі                                 Б. Саққұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады