Қызылжар кентіндегі Речная көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінің әкімінің 2010 жылғы 06 сәуірдегі N 1 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 сәуірде N 8-12-71 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес және Қызылжар кенті тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Қызылжар кентінің көшелерін ретке келтіру және олардың атауын өзгерту жөніндегі жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 29 наурыздағы ұйғарымын қарай келе, Қызылжар кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылжар кентіндегі Речная көшесі (аумағында 24 тұрғын үй орналасқан) бұдан былай соғыс ардагері Шәмші Үсеновтың атымен аталсын.
      2. Қызылжар кенті әкімі аппаратының бас маманы Д. Ускембекова көшенің өзгерілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.

      Қызылжар кентінің әкімі                    С. Бәжібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады