Атасу кентіндегі Қазақстанның 40 жылдығы көшесіне Ақселеу Сланұлы Сейдімбековтың атын беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кенті әкімінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 3 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қыркүйекте N 8-12-81 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Атасу кенті, Қазақстанның 40 жылдығы көшесі тұрғындарының 2010 жылғы 04 қыркүйектегі Қазақстанның 40 жылдығы көшесінің атауын өзгерту жөніндегі жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 06 қыркүйектегі ұйғарымын қарай келе, Атасу кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі Қазақстанның 40 жылдығы көшесі бұдан былай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" ордені иегері жазушы, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, филология ғылымының докторы Ақселеу Сланұлы Сейдімбековтың есімімен аталсын.
      2. Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы Е. Жаппаркулов көшенің өзгертілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Атасу кенті әкімінің орынбасары Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.

      Кент әкімі                                       Р. Тусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады