Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының VI сессиясының 2012.06.08 N 6/56 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу мен ұстаудың Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Ғабдуллин
Аудандық мәслихат хатшысы О. Жүкібаев
2010 жылғы 29 шілдедегі
Қарқаралы аудандық
мәслихаттың шешімімен
бекітілген
Қарқаралы ауданы аумағында ауыл шаруашылығы
жануарларын бағу мен ұстаудың
Қағидасы
1. Жалпы бөлім
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Қарқаралы ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу, ұстаудың тәртібін және талаптарын белгілейді.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2011.09.23 N 39/386 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар адамдар өсіретін жануарлардың барлық түрлері;
2) жануар иесі - жеке және өзгедей меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;
3) жануарларды ұстау - жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері.
2. Ауыл шаруашылығы жануарларды бағуды ұйымдастырудың тәртібі
3. Жеке секторының ауыл шаруашылығы жануарларды (бұдан әрі – жануарларды) бағуды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі ұйымдастырады және тиісті елді мекендерінің тұрғындарының жалпы жиналысына ұсыныс енгізеді.
4. Елді мекенінің тұрғындарының жалпы жиналысында жануарларды бағу жөніндегі комиссия сайланады және жануарларды бағудың ақысы белгіленеді.
5. Әр елді мекенінің әкімі жануарларды бағу жөніндегі комиссиямен бірігіп жеке меншіктің ауыл шаруашылығы жануарларын бағу үшін жайылымды анықтайды, ірі қара мал мен жылқының әр басына 4-5 гектар жайылым, ұсақ малға 2 гектар жайылым.
6. Қажеттілік болғанда елді мекенінің әкімі аудандық жер комиссиясына жазғы жайлау кезінде (мамыр-қазан) жануарлар жайылымын ұйымдастыру үшін арнаулы жер қорынан жер учаскесін уақытша бөлу туралы өтініш білдіреді.
7. Жеке меншіктің мал бағу бақташы мен жануарлар иесі, немесе бақташы мен елді мекен тұрғындарының жалпы жиналысында сайланған комиссиямен келісім-шарт жасау арқылы жүзеге асырылады.
8. Бақташы мен жануарлар иесі, немесе бақташы мен жануарлар бағу жөніндегі комиссия арасында жасалған шартта мыналар анықталуы тиіс:
1) жайылым мезгілі;
2) жинау уақыты;
3) жануарлар иесінен қабылдау және оларды иесіне тарату тәртібі;
4) жануарлар жоғалғанда наразылықтарды қабылдау тәртібі;
5) жануарлар жоғалғанда және апат оқиғаларда (дауыл, су басу және тағы басқалар) бақташының жауапкершілігі;
6) бірдейлендіру, мал дәрігерлік егу және вакцина егу кезінде жануарлар иелерінің жауапкершілігі;
7) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің егіс танаптарына зиян келтіргендегі жауапкершілігі;
8) иттен жарақаттанғанда жануарлар иелері алдындағы жауапкершілігі.
3. Жануарлар иелеріне қойылатын талаптар
9. Жануарлар иелеріне меншік түрлеріне қарамастан қажет:
1) жануарларды ұстау барысында ветеринарлық-санитарлық нормаларын қатаң сақтау;
2) жануарлардың басын бірдейлендіруді қамтамасыз ету, ветеринарлық шараларды өткізуге қажетті жағдай жасау. Қажетті ветеринарлық шараларды орындау барысында мемлекеттік-ветеринарлық қызметтік мамандарының нұсқауларын орындау;
3) жануарлар ауырған немесе өлген жағдайда ветеринарлық инспекторға бір тәулік мерзімінде хабарлау қажет және маманның келуіне дейін ауру жануарды бөлек ұстауды қамтамасыз ету, ауруға күдіктенген жануармен қарым-қатынасты шектеу;
4) сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарды сатып алғаннан бастап байқаудан өткізуді, тіркеуін қамтамасыз ету және ветеринарлық-санитарлық шараларды жоспарлау мақсатында сатып алынған малдың саны және түрі туралы ақпаратты беру;
5) өз еркімен жүрген, қоғамдық табынға қоспаған жануарлардың иелері Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жауап береді.
4. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
10. Осы Қағиданы бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
11. Осы Қағиданы сақталуын бақылау тиісті мемлекеттік бақылау органдары арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.